14 қарашада тергеу соты «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті күзетпен ұстауға санкция берді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакциясының сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі екі басшыны және өзге де адамдарды 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстаған.
12 қарашада аталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – делінген комитеттің жауабында.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейтінін хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.
Тағы оқи отырыңыз: 326 компания, триллиондаған теңге: «Самұрық-Қазына» қандай активтерді басқарады?
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды: Олар кім және Президент бұған дейін қандай сын айтқан?
Мәртебе құтқармайды: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты сарапшылар не айтты?