Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыс процесінде адвокат Мейірман Шекеев басты айыпталушы Шынасыл Абзалдан Шерзат Болатқа салынған дене жарақаттарына қатысты сұрақ қойды.
Шерзаттың бетіндегі мына дене жарақаттарына қатысты не айта аласыз? – деп сұрады адвокат сот залында іс бойынша суретті көрсетіп.
Білмеймін. Шерзатқа қолым тиген жоқ, - деп жауап берді Шынасыл Абзал.
Сот отырысы жалғасып жатыр. Сот оқиға қатысушыларының жауаптарын, бейнематериалдар мен өзге де дәлелдерді зерттеуде.