Сот орындаушылардың 100 қызметінің 44-і заңсыз жүзеге асырылады - Мусин

23 Ақпан 2022, 11:08
2016
Бөлісу:
Сот орындаушылардың 100 қызметінің 44-і заңсыз жүзеге асырылады - Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин «Атқарушылық іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғау, проблемалар және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстелі барысында айтты.

7 ай бойы жұмыс істеп жатқан әкімшілік әділет сот орындаушыларға берілген сот ісінің басым бөлігі қайтарылады. Сот орындаушы 100 қызметінің 44-і заңсыз жүзеге асырылады. Бұл - өте үлкен проблема, - деді Мусин.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамда сот орындаушыларына қатысты наразылық бар екенін айтты. 

Сот орындаушының міндеті заң үстемідігін қамтамасыз етудегі маңызы рөл. Оның жауапкершілігі өте жоғары. Сот орындаушылар қызметінің  44 пайызы заңсыз жүзеге асырылуы өте үлкен белгі. Бұл қоғамның құқықтық негіз бен әділеттілікке деген сенімсіздігін арттырады, - деді олар. 

Осыған дейін министр БАҚ өкілдерімен бейресми кездесуінде  Қазақстан бойынша 263 мың атқарушы құжат  борышкерлердің жұмысына жіберілгенін айтқан еді.  

Олар бойынша бухгалтерия заңды түрде  алимент аударып отырады. Алимент төлеуден қашып жүрген 17 мыңдай адам бар. Мүмкін, бұдан да көп шығар. Әйелдер атқару парағын тапсырмай, талап қоймай жатады,-деді Мусин.

Өзгелердің жаңалығы