Сот неге Мұхамедиұлы үйқамаққа шыға алмайтынын түсіндірді

17 Сәуір 2023, 16:51
1613
Бөлісу:
Сот неге Мұхамедиұлы үйқамаққа шыға алмайтынын түсіндірді
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу изоляторында қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін өткен сотта Арыстанбек Мұхамедиұлы бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа жіберуді сұраған еді. Ол денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтқан. Алайда сот шешімі өзгермеді

Сот адвокат Төлеевтің алдын ала тыңдау тағайындау туралы өтінішін қанағаттандырып, Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуден бас тартты, - делінген сот қаулысында.

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлы ауыр қылмыс жасады деп айыпталғанын, тергеу судьясының шешімінен сотталушының бостандықта болуы істі объективті қарауға кедергі жасауы мүмкін екенін атап өтті.

Соттың мәлімдеуінше, Мұхамедиұлының сырқаты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Сотталушы тергеу изоляторында медициналық көмек ала алады.

Айта кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу үшін прокуратураға арызданғаны белгілі болды. Мұны сотта Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев мәлімдеді.

Сонымен қатар, бұған дейін адвокат Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуді өтінді. Ол экс-министрдің денсаулық жағдайы жақсы емес екенін, зейнет жасындағы адам екенін алға тартты. 

Мемлекет бюджетін жымқырды деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Айтуынша, күнде йогамен айналысады екен.

Өзгелердің жаңалығы