Сот ғимараттарында 200-ден астам фронт-кеңсе жұмыс істейді – судья

12 Тамыз 2021, 15:42
1594
Бөлісу:
Сот ғимараттарында 200-ден астам фронт-кеңсе жұмыс істейді – судья

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев сот жүйесі мәселелерін ашық сарапшылық талдау барысында айтты.

Құқықтық саясат аясында сот сараптамасын дамыту алдымен жеке сот сараптамасын дамытуды қарастырады. Біз шетелдердің жеке сот сараптамасының жарқын үлгісін көріп отырмыз. Олар жоғары кәсібилік пен тәуелсіздікті көрсетіп отыр. Нарықтың басым бөлігін жеке сараптамалар қамтып отыр. Қазақстан бұл бағытта ең алғашқы қадамдарын енді жасап отыр. Бізде сараптама әркез тек мемлекеттік болды. Әділет министрлігі бұл бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ол.

Аслан Түкиев заң қызметтерін дамыту мәселесіне де тоқталды.

Бұл қызмет түрінде мемлекеттік, квазимемлекеттік жүйедегі заң қызметтерін канадалық жүйеге ұқсас етіп жасау көзделген. Сот жүйесіне келетін болсақ, елімізде 350 сот ғимараты бар, оның 200-ден астамында фронт-кеңсе жұмыс істейді. Бұл ХҚКО мен халықтың құжат тапсыру мен арыз беру кезінде өзара жұмысты жақсартады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы