Сот Біртановтың қорғаушылары білдірген қарсылықты қабылдамады

26 Мамыр 2022, 12:40
1507
Бөлісу:
Сот Біртановтың қорғаушылары білдірген қарсылықты қабылдамады
Фото: sputnik.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашық форматта Денсаулық сақтаудың бұрынғы министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы  өтіп жатыр. 

Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 361-бабының 3-бөлігімен және Олжас Әбішев Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Қорғаушылар тарапынан сөз алған Есжан Біртанов зардап шегуші тараптың өкілі Асқар Ақбаевқа қатысты наразылығын айтты.

Біртановты қорғаушы тараптың Ақбаев мырзаға қатысты сұрақтары бар. Оған куәгер ретінде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру платформасы туралы маңызды мәліметі бар құжатқа қол қойған адам ретінде сұрақ қойылады. Бұл жерде платформаның 2021 жылғы 1 қарашадағы техникалық жағдайы туралы актіні айтып отырмын, - деді ол. 

Біртанов атағандай, сот іс басталғанда ол құжатты орыс тіліне аударуға және зерттеуге міндет алған. 

Ақбаев мырза мен бұл құжатқа қол қойған өзге де тұлғалар, яғни Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының, «Эриксон Никола Тесла» компаниясының өкілдері сотта Біртановты қорғаушы тараптың сұрақтарына жауап беруге тиіс. Осыған байланысты Ақбаев мырза зардап шегуші тараптың өкілі ретінде сотқа қатыса алмайды. Өйткені бір адам сот процесіне екі бірдей статуспен қатыса алмайды. Әрі куәгер, әрі зардап шегуші болуы мүмкін емес. Бұл ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексіне де, қисынға да сыймайды. Мұндай қосақталған статус мүдде қайшылықтарын туындатуы мүмкін, - деді Біртанов.

Өз кезегінде экс-министр қорғаушысымен келісетінін айтты. 

Мен өзімнің қорғаушым Ержан Біртанның ұсынысын қолдаймын. Сондай-ақ қорғаушым Серік Сағалиевтің айтқанын да қолдаймын. Себебі сотта мемлекет атынан судья мен Нұр-Сұлтан қаласы сотымен қылмыстық-процессуалдық заңнаманы бұзды деп танылғандар айыптай алмайды. Өзіңіз айтқандай, қылмыстық-процессуалдық заңнаманы айтарлықтай бұзды. Олар не тәртіптік, не әкімшілік жауапкершілікке тартылмады. Осы істі қараудың 2 жыл бақылау жүргізді. Олар судьяның шешіміне салғырт қарады. Сондықтан да олардың жеке қызығушылықтары бар деп ойлаймыз. Олар мемлекетті таныстыра алмайды. Мен Бас прокуратурадан біздің ісіміз бойынша басқа прокурорларды тағайындауды сұраймын, - деді Біртанов. 

Прокурорлар бұл шешіммен келіспеді. Олар прокурларды істен шеттету туралы шешімге келіспеді.

Сот залдан осы мәселе бойынша шешім қабылдауға шықты. Судьяның шешімімен қорғаушы тараптың өтініші қабылданбады. 

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 87, 88, 94-баптарының негізінде судья қаулы қабылдады.

 Сотталушы Е.Біртановтың қорғаушысы Ержан Біртановтың зардап шегуші тараптың өкілі А. Ақбаевты пооцессуалдық істен шеттетіп, одан куәгер ретінде қорғаушы тараптың жауап алғызуы туралы өтінішінен бас тарту, Адвокат С. Сағалиевтің процессуалдық прокурорға берген қарсылығынан бас тарту туралы қаулы қабылдады.Қаулы шағымдануға жатпайды. Қаулымен келіспеу туралы уәждерді аппеляциялық шағымдар мен прокурордың өтінішіне енгізуге болады, - деді Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.

Сот екі сағаттан кейін қайта жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы