Сот Біртанов қорғаушыларының талабын орындамады

26 Мамыр 2022, 18:00
1424
Бөлісу:
Сот Біртанов қорғаушыларының талабын орындамады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашық форматта Денсаулық сақтаудың бұрынғы министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы  өтті.  

Елжан Біртановтың қорғаушысы зардап шеккен тараптың мүшесі Асқар Ақбаев пен екі прокурорды даулау туралы өтінішті қабылдамай тастаған соң, судьяға қарсы шықты.

Үш түрлі шешім болуы мүмкін – қылмыстық істі тоқтату, қылмыстық қудалауды жалғастыру немесе осы іс жөніндегі өндірісті уақытша тоқтата тұру. Сот алқасы Бас прокуратураны осы нұсқауларды орындауға міндеттеген. Конституцияның 76-бабы 3-бөлігі бойынша сот қаулылары Қазақстан аумағында орындалуға міндетті. Өкінішке қарай судья Әлкенов Конституцияның осы талабын орындаудан бас тартты. Қысқартып айтсақ, бұл – қылмыстық сот өндірісінің процедурасын бұзу, - деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Судья  үзілістен кейін қорғаушы тараптың талабы орындалмайтынын мәлім етті.

Адвокат Бейсекеевтің судия Әлкеновтің осы іске төрағалық етуіне білдірген қарсылығы туралы өтініші кері қайтарылсын. Қаулы шағымдануға жатпайды. Қаулымен келіспейтіні туралы уәждерді апелляциялық шағым мен прокуратура өтінішіне енгізуге болады, - деді наразылық білдіру туралы шағымды қараған судья Әбинұр Қарабаев.

Ол атағандай, сот судья Ибрагим Әлкеновтің осы қылмыстық іске мүдделілігі туралы дәлелдерді тыңдап, оған қарсылық білдіретіндей негіз таппаған.

Судья Әлкеновтің негізгі сот ісін жүргізуі тағайындалууы оның бұл іске тікелей немесе жанама түрде қызығушылық танытуына немесе мемлекеттік айыптаудың, процестің басқа қатысушыларының қысымына ұшырауына негіз емес. Бұл жағдайда қорғаушы тарап талап етіп отырған аударманы сот қабырғасында орындауға болады. Судья Әлкенов аудармашы тағайындап, бүкіл материалды аудармаға ұсынады, - деді судья.

Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 361-бабының 3-бөлігімен және Олжас Әбішев Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, 11 мамырда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы басталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы