СҚО-да сотталғандар арасында "Абай оқулары" өтті

29 Қараша 2019, 18:51
11175
Бөлісу:
СҚО-да сотталғандар арасында "Абай оқулары" өтті
PHOTO
Фото: автордан

CҚО, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жыл ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару Жүйесі Комитеті "Бас бостандығынан айыруға сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысының жылы" деп жариялады.

Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесінің 5 мекемесінде сотталғандар арасында "Абай оқулары" өткізілді. Конкурсқа қатысуға 50-ге жуық сотталған ниет білдірді. 

DSC_0291.JPG

Іс-шараның басты мақсаты Елбасының жаһандық бастамаларының бірі ретінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ақпараттық-имидждік қолдау және Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын насихаттау, сотталғандар арасында оқу мәдениетін, әдеби талғамды қалыптастыру, қазақ тіліне, әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру, көркемдік ерекшеліктерді, қазақ тілінің бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы рухани бірлікті нығайту болып табылады.

Байқау басталмас бұрын СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1, ЕС-164/3, ЕС-164/6, ЕС-164/8, ЕС-164/9 мекемелерінде А. Құнанбаев басылымдарының кітап көрмесі, сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.

Қазылар алқасының құрамына әкімдік, Мәдениет үйінің өкілдері, мекеме бастықтарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ сотталғандар арасындағы тәрбие әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімдерінің бастықтары кірді. 

Қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалады: қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, әртістігі, ұсынылатын жанрлардың әртүрлілігі, сонымен қатар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянын білу. Әрбір сөз сөйлеудің басты ерекшелігі - шынайылық, поэзия арқылы өзінің ішкі жағдайын жеткізу ниеті болды.

Конкурс жеңімпаздары ҚР ҚАК 128-бабына сәйкес мекеме бастықтарының құқықтарымен марапатталды.

Айта кету керек, сотталғандар арасында "Абай оқулары" алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы