Соңғы екі жылда ЭКҰ нәтижесінде елімізде 4 мыңға жуық сәби дүниеге келді

16 Маусым 2023, 00:12
704
Бөлісу:
Соңғы екі жылда ЭКҰ нәтижесінде елімізде 4 мыңға жуық сәби дүниеге келді
Фото: gov.kz

Мемлекет жыл сайын ана мен бала денсаулығын нығайтуға кешенді бағдарламалар ұстанымын күшейтіп келеді. Босандыру қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында өткен жылы елімізде 403 мың бала аман-есен дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық қамтамасыз етуге келетін болсақ, босандыру сапасын жақсарту үшін қалыпты босандыру құнының тарифі 30%-ға көтерілді. Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес, жыл сайын ЭКҰ-ның 7 мың рәсімін өткізуге қаржы бөлінеді. Екі жылдың ішінде арнайы бағдарламаны іске асыру үшін 14 мың әйелге ЭКҰ өткізілді, 6 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, 4 мыңға жуық нәресте дүниеге келді, ЭКҰ-дан кейін 3 мыңға жуық жүкті әйел көптен аңсаған балалардың туылуын күтуде. Әр түрлі өңірлерде 18 ұрықты сақтау орталығы ашылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамтудың серпінді өсуін көріп отырмыз - 6%-ға, жалпы көрсеткіш 79%-ға жетті, – деп жазылған хабарламада.

Елімізде «Қамқорлық» бастамасы табысты іске асырылып келеді. Бүкіл ел бойынша 15 оңалту орталығы және 11 ерте араласу орталығы ашылды. Балаларды медициналық оңалтумен қамту 2019 жылғы 18%-дан 2022 жылы 30%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, баланы дамыту кабинеттерінің желісі 600-ден 1500-ге дейін кеңейтілді.

Жыл сайын 1,5 миллионнан астам бала скринингпен қамтылады, 5 миллионнан астам бала профилактикалық тексеруден өтеді.

Өзгелердің жаңалығы