Сомалидің астанасында жойқын жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сомалидің астанасы Могадишо қаласында қатты жарылыс болып, салдарынан 10-ға жуық адам қаза болды. Бұл туралы Сомалидің ақпараттық порталы Губджуг ньюс жазды.

 22 Шілде 2019, 21:35
22 Шілде 2019, 21:35
2882

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сомалидің астанасы Могадишо қаласында қатты жарылыс болып, салдарынан 10-ға жуық адам қаза болды. Бұл туралы Сомалидің ақпараттық порталы Губджуг ньюс жазды. 

Губджуг ньюстің хабарлауынша, бомба Могадишо халықаралық әуежайының кіреберісіндегі бақылау-өткізу пунктінде автомагистраль жанында жарылған.   

Жарылыс бүкіл қалада естілді. 

Сомалидің қауіпсіздік күштері жарылыс болған жерді қоршап тастады. 

Айта кетейік, бұған дейін Могадишода тағы да жарылыс болып, салдарынан 11 адам көз жұмып, 25 адам түрлі жарақат алды.

Наверх