Солтүстік Қазақстандағы еңбек ұжымдары Президент Жолдауын бірге тыңдады

1 Қыркүйек 2022, 18:21
1255
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстандағы еңбек ұжымдары Президент Жолдауын бірге тыңдады
PHOTO

Бұл жолғы Жолдаудан үлкен үміт күткен ұжымдардың бірі Қызылжар ауданынына қарасты Бескөл ауылындағы ағаш өңдеу цехы, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпорын басшылығы маңызды құжатта айтылған мәселелер кәсіпкерлік саласына тың серпін беретініне сенімді.

Ағаш өңдеу цехы  20 жыл бұрын ашылған болатын.  Кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстанның түкпір-түкпіріне жөнелтеді. Ұжымның алдындағы басты мақсат – бірінші кезекте ішкі нарықты қамтамасыз ету. 

Солтүстік Қазақстандағы еңбек ұжымдары Президент Жолдауын бірге тыңдады

Бүгінгі Жолдауды ұжыммен тыңдадық. Көптеген жақсы мәселелер айтылды. Шағын және орта бизнесті қолдау керек деп жатыр. Бұл әрине бізді қуантады. Жеңілдетілген несие берілсе, оны міндетті үрде пайдаланамыз. Өйткені бизнес бір орында тұрмауы шарт. Біраз жоспар бар. Соны тезірек жүзеге асырудың мүмкіндігі туғалы тұр. Президент кейбір субьектілердің негізсіз тексерілетінін де айтты. Дәл біздің мекеменде ондай проблема болған жоқ. Дегенмен, басқа кәсіпкерлердің мұндай кедергілерге тап болатыны шындық», - дейді кәсіпорын директоры Сермұхамет Оралұлы. 

Солтүстік Қазақстандағы еңбек ұжымдары Президент Жолдауын бірге тыңдады

Кәсіпорында 120 адам жұмыс істейді Солардың бірі  – Берік Жүсіпов. Он жылдан бері ағаш өңдеу цехында еңбектеніп жүр. Жұмысы өзіне ұнайтынын айтады.

Солтүстік Қазақстандағы еңбек ұжымдары Президент Жолдауын бірге тыңдады

Жолдауда кәсіпкерлік нысандарында жұмыс істейтіндердің жалақысын көтеру жөнінде айтылды. Бұл біз үшін жақсы жаңалық. Қазіргі жағдайымыз жаман емес. Адам болған соң жақсы бола  түссе екен деп тілейсің. Еңбектің бағаланып, тиісті ақысы төленгені әрине жақсы, - дейді цех жұмысшысы Берік Жүсіпов. 

Өзгелердің жаңалығы