Әлеуметтік желілерде Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, 2026 жылдың 18 мамырында Май ауылында 48 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылғанын хабарлады.
18 мамыр күні СҚО-ның Май ауылында 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында бұрынғы ауыл әкімі өлі табылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстанда алғаш рет әкім басқармайтын қала салынады
Шымкентте шу шықты: Аудан әкімінің қатысуымен болған төбелес тексеріліп жатыр
Ақтөбе облысында қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады