Солтүстік Қазақстан облысында 14 мың адам эвакуацияланды

18 Сәуір 2024, 11:26
191
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында 14 мың адам эвакуацияланды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірге қазіргі уақытта 470 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.

Астана, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстары, сондай-ақ Омбы қаласының қазақ диаспорасын көмекке келді. Гуманитарлық көмек әзірленген схемаға сәйкес қабылданады. Гуманитарлық көмекті қабылдау және беру пункттері арасындағы жұмыс жолға қойылған. 149 отбасына біржолғы әлеуметтік көмек төленді, - деді спикер.

Су тасқыны басталғаннан бері облыс бойынша 2886 үйді су басқан.

Бүгінде 2639 үй су астында қалып отыр. Облыс бойынша барлығы 14 388 адам эвакуацияланды. Эвакопункттерде 1073 адам орналастырылған, олардың барлығы күніне үш рет тамақтандырумен, қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақмола облысынан екінші толқынның келуіне байланысты су деңгейінің қайта көтерілуі орын алуда, Сергеев су қоймасына аққан су 21 см-ге артып, 278 см құрады. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендеріне және облыс орталығының Ойқала Тері зауыты, Заречный, Косогор шағын аудандарының бір бөлігін су басты, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы