Солтүстік өңірлерде үсік жүреді

9 Мамыр 2023, 08:25
904
Бөлісу:
Солтүстік өңірлерде үсік жүреді
Фото: egemen.kz

Елдің батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

9 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 17 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 мамыр сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары, 9 мамыр сағат 9:00-ге дейін Семей қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы