Солтүстiк Қазақстан: реновация арқылы баспана қоры жаңартылады

7 Наурыз 2020, 07:45
1788
Бөлісу:
Солтүстiк Қазақстан: реновация арқылы баспана қоры жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысында реновация арқылы баспана қоры жаңартылады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.


Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармаларының кеңейтiлген алқа отырысында айтты.

Петропавлдың аумағы өзгертiлмейдi. Көп қабатты үйлер қаланың iшiнде тұрғызылады.

Бiз қаланы созатын болсақ, көлiкпен қамтамасыз ету мәселесiне жолығамыз. Бiзде 15 мың жеке үй бар. Оның көбi ескiрген. Реновация бағдарламасы арқылы осы проблеманы шешуге болады, - дедi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы