Солдаттың өлімін тергеу тәуелсіз жүзеге асырылады – Борамбаев

25 Сәуір 2022, 13:17
2124
Бөлісу:
Солдаттың өлімін тергеу тәуелсіз жүзеге асырылады – Борамбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының басшысы Серік Борамбаев айтты. 

Қарулы Күштерде 70 мыңнан астам әскери қызметші қызмет атқарады. Бұл едәуір, әртүрлі, ер азаматтардың басымдылығы көп ұжым, бұған қоса олар әрдайым жауынгерлік даярлықпен шұғылданады.Әлібек Қалбай Құрлық әскерлерінің Оқу орталығы болып табылатын, 30212 әскери бөліміне қызмет атқаруға келген (18 сәуірде). Ол жерден сарбаздар әскери мамандықты игеріп және әскери шеберліктен алғашқы білім алып, 6 ай өткеннен кейін Қарулы Күштердің басқа құрамалары мен бөлімдеріне бөлінеді, - деді ол. 

Борамбаев атағандай, оқу орталығындағы қызмет «бір шақырылымның» сарбаздары принципі бойынша құралған, яғни бір шақырылымның сарбаздарын оқытып және әскерлерге жібермей, басқа сарбазарды әскерге шақырмайды. 

Қорғаныс министрі, қаза болған сарбаздың мәйітін ата-анансының тұрғылықты жері Маңғыстау облысына (С.Шапагат а.) оның  командирлері жеткізсін деген шешім қабылдады. Олар оқу орталығының бастығы, әскери мектептің бастығы, рота және взвод командирлері. Әскери қызметшінің қаза болуы ісі бойынша тергеуді Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр, олар өз қызметтері бойынша тәуелсіз және Қорғаныс министрлігіне есеп бермейді. Бұл «тексерістің әділ және неғұрлым объективті» жүргізлуі үшін жасалған, - деді ол.

Борамбаевтың айтуынша, бұл жағдайды тексеріп, егер анықталса кінәлілерді тауып және жауапкершілікке тарту біз үшін «абырой» болар еді.

Егер қандай да бір заңға қайшы әрекеттер расталатын болса, онда кінәлі адамдар ғана емес, сонымен қатар осы жағдайға жол берген командирлер де жауапкершілікке тартылатынын атап өтемін.Тексерістің барысы туралы ақпараттың түсуі бойынша біз сіздерді ақпараттандырамыз. Болған қайғылы оқиғаға қатысты түсінікпен қарап, шыдамдылық көрсетіп, әзірге негізсіз баға беруде және комментарий айтуда  сабырлық танытуды сұраймыз, - деді Серік Борамбаев. 

Өзгелердің жаңалығы