Соколок каналында жағалау бекіту жұмыстары аяқталды

22 Сәуір 2024, 17:31
299
Бөлісу:
Соколок каналында жағалау бекіту жұмыстары аяқталды
VIDEO
Фото: скрин

Жайық өзенінің Атырау қаласына қарай ағатын мол суын азайтуға арналған басты каналдың бірі – Соколок. Оның су өткізу қабілеті секундына 100 текше метр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұзындығы 32 шақырым болатын каналдың ерекшелігі – ол қаланы айналып, Жайық өзені мен Каспий теңізін жалғастырып жатыр.

Соколок бойынша бастапқы жоспар қолданыстағы каналды дамбалармен бекіту еді. Алайда, жағдайды зерделей келгенде, ескі арнамен қатарластырып жаңа канал қазу туралы шешім қабылданды. Себебі, ескі каналдың көп жері батпақ, техниканың жұмысын шектейтін болды,-деді учаскенің координаторы Олжас Сұлтанов.

Жаңа каналдың барлық стандарттарға сәйкес нығыздалған өз дамбасы бар, биіктігі Балтық межесі бойынша 21 метр. Еңіс жерлердің барлығы геодезиялық беллілермен реттелген.

Өзгелердің жаңалығы