Соғысқа көмектесіп жатқан жоқпыз ба? Жұманғарин жауап берді

27 Маусым 2023, 11:44
1463
Бөлісу:
Соғысқа көмектесіп жатқан жоқпыз ба? Жұманғарин жауап берді
Фото: автордан

Ешқандай қорқыныш жоқ. Арнайы жұмыс тобы Еуропалық одақтық арнайы өкілдерімен тікелей байланыста. Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интерграция министрі Серік Жұманғарин санкция тізіміне енген тауарларды алдын алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда форматтық-логистикалық бақылау жүріп жатыр. Ол қандай компаниялар? Қашан ашылды? Сондай-ақ тауар нарқында басқа тауарларды жасыруға бола ма, болмай ма дейтін тәуекелдерді бақылау жүйесі енгізілді. Сол себепті бізде 4 компания емес, одан да басқа біраз кәсіпорындар бар, - деді Жұманғарин.

Үкімет басшысының орынбасары санкция тізіміне енген тауарлар бар екенін, бірақ оны бақылау отырғанын айтады.

Жалпы, санкцияға енетін 104 тауардың тізімі бар. Оның үстіне тағы бірнеше тауар түрін қостық. Өздеріңізге мәлім, 11-ші санкциялық пакет қабылданды, оның ішінде қазақстандық компаниялар жоқ. Себебі, біз Еуропалық одақтың, АҚШ-тың және Ұлыбританияның ресми өкілдерімен байланыстамыз. Мен өзім тікелей байланыстамын, - деді вице-премьер.

Жұманғариннің түсіндіруінше, бақылаудан келер қауіп жоқ.

Ресеймен тауар айналымымыз төрт айдың ішінде 8,3 млрд долларға жетті. Ресеймен жұмыс істеп жатқан компаниялар өте көп. Оның арасында санкциялық тізімге енген тауарларды тасымалдайтын компаниялар жоқ емес, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы