Соғыс ардагерлеріне бір реттік төлемақы беріледі

2 Мамыр 2023, 15:45
1270
Бөлісу:
Соғыс ардагерлеріне бір реттік төлемақы беріледі
Фото: egemen.kz

Ертіс өңірінде Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 2 млн теңге көлемінде бір реттік сыйақыға ие болады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бүгінгі таңда облыста көзі тірі 12 соғыс ардагері тұрады. Олардың қатарындағы екі азамат биыл 100 жасқа толады. Қос қарт ардагер Павлодар қаласы мен Шідерті кенттерінде тұрады. Ал ең жас ардагер мамыр айының жетінші жұлдызында 95 жасқа толады. Соғыс жылдары елде қалып, майдан үшін еңбек еткен тыл еңбеккерлері де сый-құрметке ие. Бүгінде ортамызда төрт мыңнан астам тыл еңбеккері өмір сүруде. Олар да бір реттік арнайы төлемақыға ие болмақ.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, облыста арнайы төлем төленетін азаматтардың саны алты мыңнан асады.

Төлемақылардың көлемі 30 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл төлемдерге қала-аудан бюджеттерінде қаражат қарастырылған. Қазіргі уақытта ардагерлердің есепшоттарына төлемақылар аударылып жатыр. Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтар, Ауған соғысына қатысқан тұрғындар, Ауған-Тәжік шекарасында борыштарын өтеген және өзге интернационалистік қақтығыстарда болған азаматтар 150 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Қазіргі уақытта төлемдердің барлығы жүргізілді, - дейді Альмира Дисюпова.

Бұл төлем Чернобыль апатын жоюға қатысқан 74, Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан 658, Таулы Қарабақтағы этникааралық қақтығысқа қатысқан 124 әскеридің жеке есепшотаны аударылады.

Өзгелердің жаңалығы