Софья Берульцева Түркиядағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді

18 Наурыз 2024, 05:21
256
Бөлісу:
Софья Берульцева Түркиядағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық Софья Берульцева Анталья қаласында өткен халықаралық Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирінің қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне сүйенсек, Токио олимпиадасының жүлдегері Софья Берульцева іріктеу кезеңінде өз тобынан үздік шықты.

Софья алғашқы айналымда 4:3 есебімен бельгиялық Мулоло Офелияны, одан кейін Титта Кейнаненді (Финляндия) тізе бүктірді.

Ширек финалда португалиялық Рита Оливейраны ұтты. Тек жартылай финалда германиялық Книр Йоханнаға есе жіберді. Қола үшін шайқаста С.Берульцева Англия спортшысы Софья Рошель Уолтерстен басым түсті. Есеп: 8:6.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған турнирде отандық спортшы Мөлдір Жаңбырбай алтынды жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы