Түркиядағы каратэ бойынша турнирде Мөлдір Жаңбырбай алтын иеленді

17 Наурыз 2024, 23:55
371
Бөлісу:
Түркиядағы каратэ бойынша турнирде Мөлдір Жаңбырбай алтын иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мөлдір Жаңбырбай Karate1 Premier League-Antalya 2024 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

WKF каратэден Karate1 Premier League-Antalya 2024 жарысында финалдағы қарсыласы, Венесуэла өкілі Салазар Йоргелистің жарақат алып, шықпауына байланысты 50 келі салмақтағы Мөлдір мерзімінен бұрын алтын медаль иеленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандасымыз италиялық Агус Азианы 6:2, Уикен Силия (Алжир) 6:4, португалиялық Родригес Катаринаны 3:1 есебімен ұтты.

Сондай-ақ турнирде Әсел Қанай қола жүлде алғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы