Софья Берульцева каратэден Азия чемпионы атанды

22 Шілде 2023, 01:26
734
Бөлісу:
Софья Берульцева каратэден Азия чемпионы атанды
Фото: instagram/drs_kz

Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні ұлттық құрамаға алтын сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Оның ішінде 19 қазақстандық бар.

Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады. Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (68 келіден жоғары) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Финалға шыққан тағы бір отандасымыз Дидар Әмірәлі қарсыласқа жол беріп, күміс медаль алды.

Кумитеде Жоламан Биғабыл (55 келі), сондай-ақ ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева қола жүлдеге ие болды. Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы