Соңғы 3 жылда 1 трлн теңге үнемделді – Жамаубаев

12 Маусым 2020, 15:40
1887
Бөлісу:
Соңғы 3 жылда 1 трлн теңге үнемделді – Жамаубаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік сатып алудың барлық үрдісі автоматтандырылды. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында берген есептік кездесуінде айтты. 

Мемлекеттік сатып алу көлемі 3%-ға өсті және 3,9 трлн теңгеден астамын құрады. Соңғы 3 жылда жалпы үнем шамамен 1 трлн теңгені құрады. Оның ішінде ең көп тіркелгені 2019 жылы 361 млрд теңге үнемделді. Министр биыл заңға бірнеше өзгеріс енгізілетінін атап өтті. 
Бір көзден сатып алуды қысқартатын және 1 күн ішінде тауарларды бәсекелестік негізде сатып алуға мүмкіндік беретін электрондық дүкен іске қосылады деп күтілуде.Электрондық депозитарий құрылады, ол адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді, - деді ол. 
Сонымен қатар, министр мемлекеттік сатып алу үрдісінде рейтингтік-балдық жүйені енгізу жоспарланып отырғанын айтт.
Бұл ретте веб-портал өнім берушілерге баға мен сапалық өлшемді ескере отырып, тиісті рейтингті автоматты түрде беретін болады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы