Смайылов шетелдік инвесторлармен жаңа жобалар туралы сөйлесті

9 Маусым 2022, 16:24
1552
Бөлісу:
Смайылов шетелдік инвесторлармен жаңа жобалар туралы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Glencore және Philip Morris International компанияларының басшыларымен ынтымақтастықты дамыту барысын талқылады, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Әлихан Смайылов пен ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассо ханым Қазақстан экономикасын декарбонизациялау және әртараптандыру, сондай-ақ банк секторы мен көлік-логистика саласын дамыту бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін сөз етті.

Тараптар 30 жылдың ішінде қаржы, инфрақұрылым, ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және цифрландыру сияқты басым салаларда құны $11 млрд болатын 300-ге жуық жоба іске асырылғанын айтты.

Экономикалық және технологиялық саясат жөніндегі тиімді ұсынымдар мен қаржы ресурстарына қолжетімділік тұрғысынан ЕҚДБ-ның Қазақстан экономикасын қолдау жөніндегі тұрақты күш-жігері біздің орнықты дамуымызға серпін беріп келеді. Өзара тиімді ынтымақтастықтың әрі қарай да жалғасатынына үміттенеміз, - деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ аталған секторларда Қазақстанмен бірлескен жобаларды іске асыруда зор әлеует барын атап өтті.

Қазіргі уақытта банк декарбонизациялауға, жасыл технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға салынатын инвестициялар үлесін ұлғайтып жатыр, болашақта Қазақстан да бұған мүдделі болуы мүмкін.

Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесу аясында Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Қазақстан Glencore сияқты стратегиялық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын. 

Компания Қазақстанның тау-кен өндіру саласында маңызды рөл атқарады. Біз серіктестікті жалғастыруға және өзара іс–қимылдың жаңа бағыттарын дамытуға ниеттіміз, - деді Әлихан Смайылов.

Philip Morris International компаниясының Шығыс Еуропа бойынша президенті Марко Мариоттимен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі компанияның Қазақстанның қолайлы инвестициялық имиджін нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы