Смайылов Риддердегі ЖЭО-ны меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды

6 Қазан 2023, 14:34
772
Бөлісу:
Смайылов Риддердегі ЖЭО-ны меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды
PHOTO
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласындағы ЖЭО жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің айтуынша, Бүгінде стансадағы 6 қазандықтың 2-уі іске қосылған. Жақын арада тағы біреуі іске қосылып, тұрғындар жылумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде. 

Смайылов Риддердегі ЖЭО-ны меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды

Сонымен қатар қалған агрегаттар мен қосалқы жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, бүгінде мазут сорғы стансасын, отын беру трактісін, турбогенератор және байланыс трансформаторларын жөндеу, жылу желілерінде гидравликалық режимді қамтамасыз ету үшін сорғы станцияларын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазандық пен турбиналық цехтардың шатыры жөнделді. Көмір тасымалданатын теміржолдарды жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. 

Смайылов Риддердегі ЖЭО-ны меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды

Премьер-Министр өткен жылыту маусымында Риддер ЖЭО апатты жағдайда жұмыс істеп, жиі тоқтап қалғанын, нәтижесінде тұрғындар қыстың көзі қырауда жылусыз қалғанын атап өтті. 

Бұған бұрынғы қожайындардың стансаны жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына қаражат салмағаны себеп болды. Осының барлығы ЖЭО-ның әбден тозуына әкеп соқты. Республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге бөлуге мәжбүр болдық. Облыс әкімдігі өз тарапынан 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. Осы уақытқа дейін жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Алдағы жылыту маусымының дұрыс өтуі үшін олардың уақтылы аяқталуы маңызды. Мұны күні-түні қадағалап отыруымыз керек, — деді Әлихан Смайылов. 

Ол сондай-ақ ЖЭО-ны коммуналдық меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды. 

Смайылов Риддердегі ЖЭО-ны меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды

Нысанда Премьер-министрге аймақтың жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндалды. Бүгінгі таңда бюджеттік ұйымдарды (830-дан астам нысан), тұрғын үйлерді (3 мыңнан астам), инженерлік желілер мен қазандықтарды дайындау жұмыстары аяқталды. ЖЭО мен су электр стансаларында да осыған ұқсас жағдай, дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

Смайылов Риддердегі ЖЭО-ны меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды
Өзгелердің жаңалығы