Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

6 Сәуір 2022, 14:47
1611
Бөлісу:
Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа қатысушылар Қытаймен шекарада жүктердің әрі-бері өтуіне қатысты мәселені талқылады.

Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АҚ кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді.

Автомобиль көлігі бойынша биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік құралдарының саны 123%-ға (6,3-тен 14,0 мың КҚ-ға дейін) өскен.

Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

Сонымен қатар кедендік құн индексі (КҚИ) және кедендік төлемдер индексі (КТИ) бойынша оң динамика бар: КҚИ көрсеткіші 75%-ға өсті (ҚХР-дан импортталатын тауарлар бойынша 1 кг үшін 4 доллардан 7 долларға дейін), КТИ көрсеткіші екі есе – 264 теңгеден 561 тг/кг дейін өсті.

Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

«Нұр жолы» шекарадағы өткізу пунктіне келер болсақ, тауар тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде жұмысын бастаған «KTZ Express» АҚ арқасында оның өткізу қабілеті күніне 10-нан 47 АКҚ-ға дейін артты. Бұл орайда бір тасымал құны $4500-ден $2050 дейін төмендеді. Қолма-қол ақшалай өзара есеп айырысу алынып тасталды, бұл қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар электрондық кезек бойынша пилот іске қосылды.

Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

«Қорғас» ШЫХО-да жыл басынан бері арнайы кран арқылы 61 КҚ ауыстырып тиелді. Бұл ретте тариф екі есеге төмендетілді.

Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

Отырыс барысында өткізу пункттерінде кептеліс жоқ және жағдай тұрақты екендігі атап көрсетілді.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді өзектендіруді, сондай-ақ өткізу пункттерінде МКК, ҰҚК ШҚ және ҚТЖ-Экспресс ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы