Смайылов әкімдерге бір айда орындалуы тиіс тапсырма берді

27 Желтоқсан 2022, 10:35
986
Бөлісу:
Смайылов әкімдерге бір айда орындалуы тиіс тапсырма берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Индустрия министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 ай мерзімде әрбір жобаны іске асыру кестесін бекітсін және олардың орындалу барысы туралы Үкіметке тоқсан сайын хабарлап тұрсын. Жобаларды іске асыру мерзімдерін оңтайландыру жағын тағы да қарап шығу керек. Өңір әкімдері кәріздік-тазарту құрылыстарының жобаларын уақтылы іске асыру үшін қажетті техникалық құжаттамаларды жедел әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін. Өңірлер халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысты жандандыруы қажет, – деді Үкімет басшысы.

Смайылов кәріздік-тазарту құрылыстарының қалдықтарын қайта өңдеу мәселесіне назар аударды.

Дамыған елдерде қалдықтардан электр энергиясын, биогазды және тыңайтқыштарды алу технологиялары көптен қолданылып келеді. Бізде де оң тәжірибе бар – Шымкентте қалдықтар  электр энергиясын өндіру үшін қайта өңделеді. Осындай тәсілдерді кеңінен тарату керек. Экология министрлігіне Индустрия министрлігімен бірлесіп, 2 ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеуді және тазарту құрылыстарының қалдықтарын одан әрі өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Өзгелердің жаңалығы