Смартфонды этил спиртімен сүртпеңіз – маман кеңесі

12 Қараша 2020, 09:46
1440
Бөлісу:
Смартфонды этил спиртімен сүртпеңіз – маман кеңесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылар смартфонды қалай дұрыс дезинфекциялау керек екенін айтып берді.

Сарапшының айтуынша, телефонды сүрту үшін этил спирті және сутегі асқын тотығын пайдалануға болмайды. Өйткені олар телефонның қорғаныш бетін зақымдауы мүмкін. 

Телефон бетін дезинфекциялауға таптырмайтын құрал – изопропилді спирт. Ол дымқыл майлық түрінде және спрей түрінде де сатылады, - деді «Синергия» университеті инновациялық институты директорының орынбасары Антон Аверин. 

Сонымен қатар, телефонды тазалау үшін құрамында 70-80% спирт болу керек. Таза спирт тез ұшып кетеді, ал жақсы нәтиже шығару үшін дезинфекция жасайтын құрал телефон бетінде бір минуттан кем болмауы керек. 

Телефонды тазалау үшін ұсақ құралдарға арналған арнайы бокстарды да қолдануға болады. Қораптар ультрафиолет сәулесімен және микроорганизмдердің ДНҚ-сын ыдырататын басқа сәулелермен сәулеленген, бірақ олар заттың өзіне зиян келтірмейді. 

Өзгелердің жаңалығы