СҚО өңірге көшіп келушілерге баспана салып отырған бір ғана облыс – әкім

28 Қараша 2019, 16:38
2574
Бөлісу:
СҚО өңірге көшіп келушілерге баспана салып отырған бір ғана облыс – әкім
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астанада есеп беру мәслихатын өткізген Солтүстік Қазақстан облысы әкімі осылай деді.

Солтүстік Қазақстан облысы жұмыс күші көп аймақтардан көшіп келушілерге баспана салу жобасын жүзеге асырып отырған жалғыз өңір. 
Мұны не үшін істеп жатырмыз? Біздің өңірге жұмыс күші керек. Сондықтан, мамандар тартылуда. Алдағы 3 жылда көшіп келушілерге баспана салуға 15 млрд теңге жұмсалмақ, - деді облыс әкімі.
Оның айтуына қарағанда, бұл бағытта биылдың өзінде 428 үй салынған.
Биыл облысымызға 2 мыңнан аса адам келді немесе 700 отбасы. Алдағы 2 жылда 1714 үй салынады. Осының арқасында облыстан көшіп кету үрдісі төмендеді. Биыл 2016 жылмен салыстырғанда көшіп кеткендердің үлесі 41% азайған, - дейді Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар облыс басшысы жыл сайын құрылыс қарқыны артып келе жатқанын айтты.
2018 жылы 2068 пәтер салынса, биыл 2240 пәтер қолданысқа берілді. Келесі жылға меже -  2842 пәтер.  2018 жылмен салыстырғанда өсім 40 % құрап отыр. Біздің 3 мың пәтер салуға да мүмкіндіктеріміз бар, - дейді ол.
Облыс басшысы биыл 8300 адам өзінің баспана жағдайын жақсартатынын атап өтті. 
Оның ішінде 126 көпбалалы отбасы бар. Ал "7-20-25" бағдарламасы аясында 851 пәтер сатылмақ, осы күнге дейін 3,2 млрд теңгеге  464 пәтер алынды, - деді ол.
Құмар Ақсақалов осыған дейін облыста үш ауысымды мектеп мәселесі шешілгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы