Облыста үшауысымды мектеп мәселесі шешілген - Құмар Ақсақалов

28 Қараша 2019, 16:35
8075
Бөлісу:
Облыста үшауысымды мектеп мәселесі шешілген - Құмар Ақсақалов
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Биыл республикада күрделі жөндеумен қамтылған мектептердің 40% біздің облыста. Астанада баспасөз мәслихатын өткізген СҚО әкімі осылай деді. 

Бұл бағытқа 5,5 млрд теңге бөлінді, 142 білім ошағы жөнделді. Өткен жылдармен салыстырғанда қаржы 12 есеге өсті. Өңірдегі оқушылардың жартысы немесе 35 мың бала жаңарған мектептерде білім алуда. Келесі жылы мектептерді жөндеуге 3 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз,  -  дейді облыс басшысы

Оның айтуына қарағанда, өңірдегі үшауысымда білім беру мәселесі шешілген. 
3 пен 6 жас аралығындағы балалар 100 % балабақшамен қамтамасыз етілді. Облыс орталығында 600 орындық мектеп ашылды. Келесі жылдың басында 900 балаға шақталған тағы бір заманауи мектеп қолданысқа беріледі. Үшінші мектептің құрылысы жалғасуда,  - деді ол.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде жаңа мектеп тұрғызылып жатқанын атап өтті. 
Біз барлық аудандарды инклюзия сыныптарымен қамтамасыз ету бастамасын көтердік. Аудан орталықтарында қазірдің өзінде 3 сынып ашылды. Бұл ерекше балаларға үлкен көмек,  - деді Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы