СҚО-дағы сотталғандар коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады

СҚО-дағы сотталғандар коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады
845

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-дағы сотталғандар коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында облыс мекемелерінде арнайы контингентті вакциналау басталды. Вакциналау «Спутник V», «QazVac» екі компонентті препараттарымен жүргізіледі. 

КВИ жалпы иммунитетін қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының көмегімен ЕС-164/1,3,6,9 мекемелерінде сотталғандарды «Спутник V» және «QazVac» вакциналарымен жаппай вакциналау басталды. Бүгінгі күні 284 сотталған екпе алды. 400-ден астамы кезекте тұр. Вакцинаны тек дәрігер тексергеннен кейін салдырады. Содан кейін медбикелер олардың жағдайын 30 минуттан кейін қайта бақылайды. Сотталғандар вакцинаны өз еркінмен салдыра алады. Вакцинациядан бас тартқандар болған жоқ. Бүгінгі күні сотталғандардың қандай да бір ауыр сырқаттары немесе зардаптары байқалмайды. Вакцинация жоспарлы түрде жүргізіледі, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Александр Кочкин. 
Бүгін мен «QazVac» вакцинасын алдым. Өзімді жақсы сезінемін. Әрбір саналы адам осы вакцинаны қою арқылы өзін қауіпсіздендіруі тиіс деп есептеймін, – дейді сотталған А.



Фото: Артём Чурсинов