СҚО-да «SUNQAR» жаңа хоккей корты ашылды

27 Желтоқсан 2020, 02:39
1241
Бөлісу:
СҚО-да «SUNQAR» жаңа хоккей корты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданында «Sunqar» жаңа хоккей корты ашылды. Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Осылайша жас спортшыларды дайындау үшін қолайлы жағдай жасалынуда екендігін жазды аймақ басшысы Қ. Ақсақалов.

Биыл 5 аудан орталығында хоккей корттары салынуда. Жыл соңына дейін Мамлюткада ашылады. Қаңтар айында Булаев пен Тимирязевте хоккей кешендері қолданысқа беріледі. 2021 жылы бюджет есебінен тағы 7 хоккей корты салынады, - деді облыс әкімі.

Аймақ әкімі аудандардағы спорт кешендері спорт жарыстарының орталығына айналатындығын айтты.


Әр ауданда стадион жанынан хоккей корты, спорт кешені салыну керек. Бұл «кіші олимпиада ауылына» айналмақ. Келесі жылы бұл кешендерде футбол, хоккей, баскетбол және волейболдан тұрақты чемпионаттар өткізетін боламыз. Биыл аудандарда 6 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Аталмыш нысандар спорт жарыстарының орталығына айналмақ, - деп жазды Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы