СҚО-да 5 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 1,4 млрд теңге бөлінді

6 Наурыз 2021, 13:57
1612
Бөлісу:
СҚО-да 5 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Биылдан бастап 21 колледжде модульдік, кредиттік –модульдік және қолданбалы бакалавриат бағдарламалары жүзеге асырыла бастады. Бұған 5533 студент немесе, барлық шәкірттердің 57 пайызы тартылған.

Былтыр, өңірдегі кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушылары аттестаттаудан жаңа форматта өте бастады. Осыған байланысты, кәсіби құзіреттілігін растаған 141 педагогке қосымша ақы төленуде. Қазіргі күні оларға жалақысына қосымша 11,5 пайыз үстемеақы беріледі. Бұл біріншіден ұстаздардың, екіншіден теникалық және кәсіптік білім берудің мәртебесін арттыруға бағытталған, - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова. 
Былтыр «Жас маман» бағдарламасы аясында Петропавлдағы 4 колледжге 1,1 млрд теңгеге заманауи техникалық қондырғылар сатып алынған болатын. Осының арқасында бұл жабдықтарда автомеханиктер, құрылысшылар, технологтар, станокшылар және техник-электриктер жұмыс істеп, тәжірибе жинауда. 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеудің Жол картасын» іске асыру шеңберінде 11 колледж халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Бұл аталған колледждердің мәртебесін көтеруге, сондай-ақ 9 колледжге  «Жас маман» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берді. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында IT-технологиялар құзыреттілігі, Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжінде 5 мамандық және өнімді қайта өңдеу бойынша құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында 25 колледж болса, оның 4-еуі жеке меншік. Бұл білім ошақтарында 1220 оқытушы жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы