Әскери бөлімнен қару ұрлағандарға қатысты үкім шықты

5 Қазан 2020, 12:33
1927
Бөлісу:
Әскери бөлімнен қару ұрлағандарға қатысты үкім шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 жыл бас бостандығынан айыру, әскери атақтан айыру және айыппұл. Мұндай үкімді судья әскери бөлімінен қару ұрлаған Абылай Балғынбаевқа қатысты шығарды.

Оның серіктестері  Қамбар Шадияр мен Мәлік Бақдәулет колонияда 8 жыл, ал Бауыржан Дамиров, Бағдәулет Арын, Орынбек Қанағат 3 жыл жазасын өтейді. Олар жәбірленушілердің қорына 53 020 теңгеден айыппұл төлейді.

Бекжан Сержанға 1 млн 219 мың теңге айыппұл салынды. Ол да жәбірленушілер қорына 26 520 теңге төлейді. Сотталушылар саны - 8. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шағымданушылар да болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 20 ақпанында Түркістан облысында әскери қызметкер қару ұрлағаны белгілі болды. Қорғаныс министрлігі ол  1995 жылы дүниеге келген Абылай Балғынбай екенін хабарлады. Сол күні кешке ол Алматыда ұсталды.

Дерек бойынша, осы жылдың 13 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы топта әрекет етіп, әскери бөлімнен бірнеше рет қару ұрлаған. Нәтижесінде олар 29 АК-74 автоматын, 28 9 мм Макаров тапаншасын, бір травматикалық тапанша және оқ-дәрілерді ұрлады.

Өзгелердің жаңалығы