Әскери атташелердің жұмысы талқыланды

15 Қараша 2019, 23:58
1844
Бөлісу:
Әскери атташелердің жұмысы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан қорғаныс министрлігінің шетел мемлекеттерінде аккредиттелген әскери атташелерімен кеңес өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында 2019 жылғы атқарылған қызметтер қорытындыланып, келер жылға міндеттер қойылды.

Осы орайда, әскери атташелерге Қарулы Күштердің дамуына, сонымен қатар қару-жарақ пен әскери техникалардың жетілуіне және жаңаруына қолдау көрсету қажеттілігі жөніндегі талап жеткізілді, - делінген хабарламада.

Қорғаныс ведомствосының басшысы шетелдегі Қорғаныс министрлігі әскери атташелері аппараттарының қызметіне қатысты тапсырма берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әскери атташелері 25 елде, атап айтқанда, Орта Азия, Таяу Шығыс, АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінде ҚР ҚК мүддесін қорғауда.


Өзгелердің жаңалығы