Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған

17 Шілде 2023, 11:12
876
Бөлісу:
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ брифингінде алдымен елдегі криминогендік жағдай баяндалды.

Бір апта ішінде 2 913 қылмыс жасалды. Оның 1 753-і апта ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 13 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 45 тонау және бөтен мүлікті ұрлау бойынша 365 қылмысты ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте.

Өткен аптада республика аумағында 2 738 қылмыс жасалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы