Все новости за 3 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Маңғыстауда мысық тістеп алған адам көз жұмды
Маңғыстау облысының тұрғыны қаңғыбас мысық тістеп алғаннан кейін құтыру ауруынан көз жұмды. Бұл туралы BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамға жетті
Қазақстан халқының саны 2025 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 20 445 231 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында 11 жасар қыз іздестіріліп жатыр
Абай облысының полиция департаменті өңір тұрғындарынан хабар-ошарсыз кеткен оқушы қызды табуға жәрдемдесуді сұрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орында) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA-2025 қорытынды турнирінде польшалық Ига Швентекпен (2-орын) кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бұрқасын, көктайғақ: 4 қарашаға дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 4 қараша күні Қазақстанның 11 облысында дабылды ескерту жариялады. Ел өңірлерінде бұрқасындатып, қар жауады, ауа температурасы күрт төмендейді, жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
-
Қазақстанда 4-6 қарашада ауа райы күрт нашарлайды
Ел аумағында алдағы үш күнде (4–6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа астық экспорты 2 миллион тоннадан асты
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, биылғы қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында «Көшпенділер қаласы» пайда болады
Жоба аясында «Көшпенділер қаласы» кешенін қайта жаңарту, Таңбалы Тас археологиялық ескерткішіне қарай жаяу жүргіншілер үшін көпір салу және заманауи туристік инфрақұрылымы бар демалыс аймағын абаттандыру көзделген. Аталған аумақта глэмпинг аймақтары, демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану нысандары салынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жұмысшы мамандықтар жылы": Абай облысында 20 мың студент техникалық білім алуда
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен заманауи жаңа мектеп салынды
-
Қазақстандықтар артық төлемсіз дәрі-дәрмек пен ем ала алады
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттарды қосылған құн салығынан босату жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, қала Экология және қоршаған орта басқармасы және «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп Аюсай шатқалында сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан шетелдік компаниялармен жаңа жобаларды іске асыруға кіріседі
Қазақстанның ғаламдық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі (KGIR-2025) аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шетелдік серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заңсыз ұтыс ұйымдастырғандар 40 млн теңге айыппұл төледі
Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда 600 балаға арналған мектеп құрылысы бітпей жатыр
Атырау қаласы Көктем ықшам ауданындағы 600 балаға арналған жалғыз мектептің құрылысы бітпей жатыр. Мердігер компания өкілінің сөзінше, жұмысты тез аяқтауға қаржы мәселесі қолбайлау. Әкімдіктегілер ақшаны аудармаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазір несие алатын заман емес, депозиттың уақыты келді – сарапшы
Несие алу қымбаттайды, ал депозит тиімді болады. Экономист Айбар Олжай базалық мөлшерлеменің қарапайым халыққа қандай әсері барын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы әуежайының өткізу қабілеті 5 есе артады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа бюджет: Салық түсімі артып, артық шығын қысқартылады
Экономист Айбар Олжай келесі жылға арналған қазына қаражатындағы ерекшеліктерге тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алика Мұхамадиева әлеуметтік желіде алауыздық тудырғаны үшін сотталды
Бүгін Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық соты Алика Мұхамадиеваға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Наурыз" ипотекасы кімге берілгені белгілі болды
Қазақстанда бүгін, 3 қарашада, “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Алғашқы 3 сағат ішінде ел тұрғындары 2218 өтінім жолдаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет инфляцияны тежеу үшін 5 негізгі шара қабылдады
Тасып бара жатқан инфляцияны тоқтату үшін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді. Мемлекет басшысы Үкіметтің кейбір либерализация бойынша жоспарларын кейінге шегерді. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында бес шара қабылдайтын болды. Бұл өзгерістерді экономист Айбар Олжай талдап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖИ, медицина және әскер: Қазақстандықтар Үндістанда біліктілігін шыңдай алады
1992 жылдан бері қазақстандық 1471 маман ITEC бағдарламасына қатысып, біліктілігін шыңдаған. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшісі Сайлас Тангал 2025 жылғы ITEC күніне орай ұйымдастырылған кеште айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан экономикасы өзгереді: Шикізат емес, өңдеу секторы дамиды
Экономист Айбар Олжай алдағы уақытта Қазақстан экономикасының қай бағытта дамитынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық қордың ақшасы қайда кетеді?
Экономист Айбар Олжай 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының кіріс пен шығыс бөлігін талдап, түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бюджет-2026: Қазақстанның табысы мен шығыны қандай болмақ?
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауғанстанда жер сілкінісінен 20 адам қаза тапты
Ауғанстанның солтүстігінде 6,3 балдық жер сілкінісі болып, кемінде 20 адам қаза тауып, 320-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.
-
"Балмұздақ алып беремін": Батыс Қазақстанда 6 жасар қызды зорлау ісі сотқа жолданды
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар қыз баланы зорлау ісі сотқа жіберілді. Күдікті – бұрын сотталған 32 жастағы ер адам. Тергеу толық аяқталып, іс мамандандырылған соттың қарауына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазанда инфляция 12,6%-ға дейін төмендеді – Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанда қазан айындағы инфляция 12,6%-ға дейін төмендеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, азық-түлік бағасы 13,5%-ға, ақылы қызметтер 12,9%-ға, өзге тауарлар 11%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы әуежайында "әдепсіз қылық" көрсеткен мұғалім жұмыстан босатылды
Алматы әуежайындағы "әдепсіз қылық" үшін жұмыстан шығарылған мұғалім сотта өз құқығын қорғады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 10% бастапқы жарнамен жаңа ипотека бағдарламасы іске қосылды
Бүгін, 2025 жылғы 3 қарашада, елімізде «Наурыз» атты мемлекеттік жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына Қазақстанда іздеу жарияланды
ҚР Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында танымал боксшы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы – Екатерина Биволға қатысты іздеу туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы жер сілкінісі алдында халықты ескертпеді: бюджет қаржысы ұрланған болып шықты
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде алдын ала ескерту жүйесі істемей қалды. Тексеру нәтижесінде бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталып, бірнеше лауазымды тұлға мен мердігер компания өкілдері қылмыстық жауапқа тартылды. Сот кінәлілерге жаза тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мексикада қала әкімін "Өлілер күні" атып кетті
Мексиканың Мичоакан штатында Уруапан қаласының әкімі Карлос Альберто Манзо Родригесті мерекелік іс-шара кезінде ашық алаңда атып кетті. Оқиға “Өлілер күнін” мерекелеу кезінде көпшілік халықтың көз алдында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі AP-ге сілтеме жасап.
-
Мүгедектік қалай тағайындалады?
Қазақстанда мүгедектікті белгілеу тәртібі медициналық-әлеуметтік сараптама қағидаларымен реттеледі. Бұл жүйе адамның ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан туындайтын өмірлік қызмет шектеулерін бағалауға негізделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда балабақшада бала екі қабатты төсектен құлап, жарақат алды
Алматыдағы М. балабақшасында 3 жасар бала ұйықтап жатқан кезінде биіктігі 1,6 метр болатын екі қабатты төсектен құлап түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
C5+1 саммиті: Вашингтондағы кездесуден Қазақстан не күтеді
6 қарашада Вашингтонда АҚШ пен Орталық Азия елдерінің қатысуымен саммит өтеді. Бұл – АҚШ астанасында осындай деңгейде ұйымдастырылып отырған алғашқы кездесу болмақ. Бұған дейін, 2023 жылы, алғашқы саммит БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен еді.
Дональд Трамптың бастамасымен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары C5+1 дипломатиялық платформасының 10 жылдығына арналған саммитке ресми шақырту алды. Бұл алаң өңір елдері мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік, экономика және өзге де маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған.
Саммит барысында қандай тақырыптар талқыланбақ және АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестік қандай бағытта дамиды? Вашингтонның өңір елдеріне қатысты стратегиясы қандай және Америка саясатының негізгі басымдықтары неде?
Осы және өзге де мәселелер туралы толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
-
Әлемде: Судандағы қақтығыс, Мексикадағы қастандық және Қытайдың ғарыштық дайындығы
Соңғы тәулікте әлемде болған ең маңызды жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз: Судандағы гуманитарлық дағдарыс тереңдеді, Кенияда селден ондаған адам қаза тапты, Мексикада қала әкіміне қастандық жасалды, ЕҚЫҰ Қырғызстандағы сайлауға дайындықты бақылайды, ал Қытай «Шэньчжоу-20» ғарышкерлерін жерге қайтаруға әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өскеменде жол күтіміне бөлінген 120 млн теңгені басшылықтың өзі жымқырған
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшылығына қатысты қала көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы крематорийі іске қосылуға дайындалып жатыр
Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Көліктің ақшасын мен емес, бұрынғы күйеу алды": Астанада даулы іс қаралды
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты автокөлік сату-сатып алу келісімшарты бойынша туындаған дау ісін қарады. Ер адам автокөлік сатып алған соң, келісілген 7 миллион теңгені төлемей қойған. Сот қарызды, өсімпұлды және сот шығындарын өндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алатауда тегін тамақ таратқан дәмхана иесі жазаланды
Алатау қаласында дәмхана иесі жергілікті әкімдікпен келісімсіз іс-шара ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет СҚО-дағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еуропалық футбол клубы "Қайраттың" қақпашысына қызығушылық танытып отыр
Болгарияның ЦСКА София футбол клубы Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбековке қызығушылық білдіріп отыр. 22 жастағы қазақстандық қақпашы Премьер-лигада жарқырап, "Селтикке" қарсы ойында үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Алматы облысында құны 15 млрд теңгелік агрокешен іске қосылды
Алматы облысында дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге маманданған «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты жаңа агрокешен жұмысын бастады. Жобаның жалпы құны – 15 млрд теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
-
"Қатал әрі ақылды": Трамп әлем көшбасшыларына баға берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді "өте күшті әрі ақылды көшбасшылар" деп сипаттады. Бұл туралы ол CBS News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 3 қараша күні Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ пен Қытай сауда қақтығысы кезінде қисынсыз әрекет етті – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі кезінде екі тарап та "қисынсыз әрекеттерге" барғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS News-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнетақы табысын қалай арттыруға болады?
Қазақстанда халықтың қартаюы мен еңбек нарығының өзгеруі жағдайында зейнет жасындағы өмір сапасын қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде зейнетақы табысының жеткіліктілігі мен оны арттыру жолдарына қоғам тарапынан қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар өткізілетінін растады
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ядролық сынақтар жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысында адасқан балықшылар құтқарылды
Қызылорда облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үш ер адамды аман-есен тапты. Олар Қызылорда қаласынан 75 шақырым жердегі Балапан көліне балық аулауға барып, жолда көліктері бұзылып, кейін жолдан адасып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркия мұнайды Ирак пен Қазақстаннан көбірек сатып ала бастады
АҚШ пен Еуропаның Ресей мұнай секторына енгізген жаңа санкцияларынан кейін Түркияның мұнай өңдеу зауыттары шикізатты Ресейдің орнына Ирак пен Қазақстаннан жиі сатып алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Израиль кепілге алынғандардың денелерін толық қайтаруды талап етті
Германия канцлері Фридрих Мерц пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы жағдай мен атысты тоқтату режимін талқылады.
-
АҚШ Венесуэла маңындағы әскери базаны қайта жаңартуда – Reuters
АҚШ Венесуэлаға қарсы ықтимал әскери операцияларға дайындық аясында Пуэрто-Рикодағы Рузвельт-Родс әскери-теңіз базасын жаңғыртуды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Ресей Иранда сегіз жаңа атом электр станциясын салады
Иран билігі Ресей ел аумағында сегіз жаңа атом электр станциясын салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мұхаммед Эслами Tasnim агенттігіне мәлім еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
NVIDIA басшысы: АҚШ Қытайдың технологиялық қуатын жете бағаламады
NVIDIA компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Дженсен Хуанг Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Қытайдың технологиялық даму мүмкіндіктерін елемей, стратегиялық қателік жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда стихиялық қоқыс үйіндісі ұлғайып барады: тұрғындар биліктен көмек сұрайды
Ақтаудың 20-шағын ауданындағы №5 үйдің артында бірнеше апта бойы рұқсат етілмеген қоқыс полигоны пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Наверх