Все новости за 30 қыркүйек 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Щучинск қаласындағы оңалту орталығынан 27 науқас эвакуацияланды
Құтқарушылар Щучинск қаласындағы облыстық оңалту орталығында өрт кезінде 27 науқасты баспалдақ маршымен эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дәрігер: неврологияның өзектілігі күн санап артып келеді
Жалпы неврология – жүйке жүйесін зерттейтін медицина саласы деп білеміз. Біздің елде ғана емес, әлем бойынша соңғы кезде неврологиялық ауру түрлері артып келеді. Мамандар түрлі сипатта өршіп келе жатқан симптомдық белгілерге баса назар аудару керектігін айтып дабыл қағуда. Осы орайда неврология саласына қатысты бірнеше сауалды терапевт, невропатолог дәрігер Жансая Қайратбекқызына жолдадық. Он жылдан аса еңбек өтілі бар дәрігер жүйке жүйесіне қатысты аурулар белең алып келе жатқандығын айтты.
-
1 қазанда 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
1 қазанда еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Әлеуметке қауіпті әлеужелі
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы күні кеше дабыл қаға бастады. Себеп сол – жасөспірімдердің әлеуметтік желіні жиі әрі үздіксіз пайдалануы. Кез келген дәрігер, психолог бүгінгі таңда әлеуметтік желіден келіп жатқан қауіп-қатердің артқандығын жазуда.
Әлем бойынша дабыл қағып отырған мамандар әлеужеліге тәуелділіктің артып бара жатқандығана алаңдаулы. Ал біздің елде әлеуметтік желі пайдаланушылардың дені кімдер? Жасөспірімдер мен балалардың бұл жағдайлардағы үлес салмағы қандай. Аздаған шолу жасап көрдік.
-
Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатының финалына шыға алмады
Ұлттық құрама Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда Ұлттық музейдің көрмесі ашылды
2024 жылдың 30 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында интернет арқылы сатылған вейптер тәркіленді
Павлодар облысында интернет арқылы сатылған вейптердің 8388 данасы тіркіленді. Заңсыз айналымда болған заттардың қатарында өзге де материалдар мен 1,2 млн теңге көлемінде ақша да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Ядролық технологияны медицинада қолданудың тиімділігі қандай
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова ядролық технологияны медицинада қолданудың тиімділігі мен оның әлеуметтік-экономикалық әсері жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АҚШ-та «Хелен» дауылынан 90 адам қаза тапты
Мыңдаған үй қирап, жүздеген жол бүлінген. Қазір аймақта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Өскеменде полицейлер Орталық Азия тасбақаларының заңсыз сатылымының жолын кесті
Полицияға жергілікті тұрғыннан үй жануарлары дүкендерінің бірінде бауырымен жорғалаушыларды ұстауға қатысты заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ақтөбелік кәсіпкерлер электр энергиясының тарифін төмендетуді талап етті
Ақтөбе облысында былтырдан бері электр энергиясының тарифі бірнеше рет өсті.
-
Астана Орталық саябағы халықаралық байқауда үздік деп танылды
«Хрустальное колесо» халықаралық байқауында Астананың Орталық саябағы ең үздік ашық ойын-сауық және демалыс саябағы деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін 4 млрд теңге бөлінеді
ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ішкі сауда субъектілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Туризм және спорт министрлігі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Елордада Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбековтың төрағалығымен Туризм және спорт министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз тағы бір халықаралық теміржол қатынасын іске қосады
Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жасанды интеллект көзімен: Қазақстанда АЭС салудың экономикалық тиімділігі, шетелдік тәжірибе және перспективалары
Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу – еліміздің экономикалық және энергетикалық болашағына әсер ететін маңызды шешім. Бұл мәселені қарастыру үшін әлемдік тәжірибені ескеру және Қазақстанның қазіргі жағдайын талдау маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада биыл “SOS” дабыл батырмасына 42 азамат жүгінді
Ұялы немесе өзге де байланыс болмаған жағдайларда полицияны шұғыл шақыру мүмкіндігі үшін елордада “SOS” дабыл батырмасы жобасы іске асырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Түркістанда 19 мемлекеттің қолөнершілері бас қосты
Бүгін Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президенті Саад әл-Қаддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық өңдеу өнеркәсібі қалай дамып жатыр
Жоғары аудиторлық палата отандық өңдеу өнеркәсібіне аудит жүргізді. Нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар, жүйелік кемшіліктер және экономикалық шығындар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарбаздардың ата-аналары ұлдарының әскери өмірімен танысты
Ұлттық ұлан сарбаздарының ата-аналары әскери бөлімге барып, ашық есік күніне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысының тұрғындары прокурорға арызданды
Ақмола облысының прокурорына арызданғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.
-
Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты
Мемлекет басшысы «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда 1797 қару иесі тексерілген
Жетісуда қылмыс түрлері азаймай тұр. Тәртіп сақшылары 27707 үй жайларды тексерген. 2 306 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АЭС құрылысы Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді – министр
Жүргізілген есептеулерге сәйкес, атом электр станциясының қажеттілігі үшін су тұтыну көлемі Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Референдум. Қарағанды облысында дауыс беру 650 сайлау учаскесінде өтеді
Қарағанды облысында 6 қазан күні өтетін республикалық референдумға дайындық қарқынды жүргізілуде. Аймақ халқының 760 мыңнан астамы референдумда өз дауыстарын беріп, таңдау жасауға құқылы, деп жазады BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Ертіс өңірінде орақ науқаны қызу жүріп жатыр
Ертіс өңірінде орақ науқаны қызу. Қазіргі уақытта 1 млн 406 мың гектарлық алқаптың 56%-нан өнім алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде суицидке кімдер жиі барады? – ІІМ жауап берді
Елімізде өтпелі кезеңде жүрген жасөспірімдер жиі суицидке барады. Бұл мәліметті Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Психикасына теріс әсер етеді". ІІМ интернетте таралған қауіпті ойындар туралы айтты
Мессенджерлерде қауіпті ойындар таралып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау туралы заң қаралады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 3 қазан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгілеп, Палатаның алдағы іс-шараларын пысықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Біздің халыққа радиациялық қауіпсіздік туралы ақпарат дұрыс жеткізілмеген – ғалым
Радиобиолог, PhD докторы, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасы Жанат Байғазинов АЭС-ке қатысты ел ішінде жүрген түрлі әңгімелерге байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанайлық фермерлер "Кең дала 2" бағдарламасының игілігін көріп отыр
Аграрлық несие корпорациясы көктемде жаңа «Кең дала 2» бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ-өзбек шекараcынан жылан өткізбек болғандар ұсталды
Қазақ-өзбек шекарасында алып жыланды заңсыз өткізбек болған тұрғын қолға түсті. Оқиға Түркістан облысымен шектесетін «Гишткуприк» кеден бекетінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еуроодақ ливандықтарға көмек ретінде 10 млн еуро бөледі
Еуроодақ Израиль қорғаныс армиясы мен «Хезболла» ұйымы арасындағы қарулы қақтығыстан зардап шеккен ливандықтарға көмек ретінде 10 миллион еуро бөледі, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пойыздан тәртіп бұзғаны үшін 100-ден астам жолаушы түсірілген
Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушының пойыздарынан 100-ден астам құқық бұзушы жолаушы түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталғаны туралы ақпарат жалған
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әйелдер боксынан "Мықтылар турнирінің" үздіктері анықталды
Әйелдер боксынан Қарағандыда аяқталған "Мықтылар турнирінің" үздіктері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Өзгенің ұялы телефонынан 1,5 млн теңгеге сауда жасаған ер адам ұсталды
Кездейсоқ кездесуден кейін астаналық азамат ірі сомаға борышкер болып шықты.
-
Елімізде 20 млн тонна астық бастырылды
Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 13,6 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында 6,1 млн теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған
Аудит қорытындысы бойынша 1,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
-
Садақ атудан Азия кубогі: Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті
Қытайлық Тайпейде өтіп жатқан садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астанада 6 қазан күні жол жүру тегін болады
Астанада референдум өтетін күні, қала және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында хабар-ошарсыз жоғалған тұрғын табылды
Қаңтар айында жоғалып кеткен азаматтың туыстары оны іздеу туралы әлеуметтік желіде хабарлама таратқан.
-
Есірткі сақтағаны үшін күдікке ілінген азамат Грузиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"13 жастағы қыз екіқабат болып қалған". Зәкиева мектептегі жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысындағы жантүршігерлік жағдай туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қылмыстық жазадан жалтару схемасы әшкере болды
Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
Алматыда «Кемел Ақышев – Қазақстан археологиясының темірқазығы» атты көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде су секторын дамыту мақсатында Үйлестіру кеңесі құрылды
Елімізде су секторын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесі құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтауда декреттегі әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады
Ақтауда әскери қызметкердің денесі өз пәтерінен табылды. Бұл ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 120 жыл
Осыдан тура 120 жыл бұрын Семей қаласында мұғалімдер даярлайтын алғашқы оқу орындарының бірі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өткен тәулікте тұрғын үй секторындағы 20 өрт сөндірілді
Бұл туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бұқаралық спортты барынша қолжетімді ету керек – Азиз Оразбаев
Президент соңғы жолдауында барлық жастағы ел азаматтары үшін бұқаралық спортты дамыту маңызды екенін атады. Осы орайда БАҚ өкілдері арасында футзал, волейбол, үстел теннисі, шахмат сияқты спорт түрлерін насихаттап жүрген BAQ LIGA жетекшісі Азиз Оразбаевтан бұқаралық спорттың бүгінгі жағдайы мен дамыту жолдарын сұрап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ай соңында доллар бағамы тағы өзгерді
Ұлттық банк 30 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 100 жастан асқан 420-дан астам қарт адам бар
Елімізде 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ІІМ: Үш өңірде бопсалаушылардың қылмыстық топтары ұсталды
Ішкі істер министрлігі бопсалаушылардың қылмыстық топтарын анықтау және ұстау бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ақмола облысының екі ауданында шөп өртенді
Ақмола облысының екі ауданында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
-
Бірнеше өңірде үсік жүріп, тұман түседі
Синоптиктер 30 қыркүйекте ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Бір тәулікте 4 автокөлік өртке оранды
Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 4 автокөліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Тұмау мен коронавирустан қалай сақтанамыз
Тұмау, ЖРВИ, коронавирустық инфекция (COVID-19) – бүкіл әлемде таралатын жедел респираторлық вирустық инфекциялар адамдардың барлық жас топтарына әсер ететіні анық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бірнеше қалада ауа ластанады
30 қыркүйекте еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Ұлттық балаларды оңалту орталығы халықаралық конференция өткізді
Ұлттық балаларды оңалту орталығы Астана медицина университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен "Неврологиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және оңалтудағы мультидисциплинарлық тәсіл" тақырыбында халықаралық конференция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада Абай және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Астанада өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өтіп жатыр. Осы демалыста өз өнімдерін Абай және Қызылорда облыстарының аграршылары ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Жетісу университетінде италиялық жоғары оқу орнының филиалы ашылады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Италия Республикасының университеттер және зерттеулер министрі Анна Мария Бернинидің қатысуымен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында Марке политехникалық университетінің (Италия) филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы қарқынды жалғасып жатыр
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы оған Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындары қосылды. Аталмыш іс-шара қыркүйектің соңғы жексенбісінде белгіленген Еңбек күніне орайластырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Адам папиллома вирусы: Елемеу індетке әкеле ме
Жуырда елімізде қыз балаларға адам папиллома вирусына қарсы екпе салу басталғаны белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Непалда қатты нөсерден 150-ден астам адам қаза тапты
Непалда қатты нөсер салдарынан 150-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вьетнамда тайфуннан келген шығын 3,3 млрд доллардан асты
Вьетнамда «Яги» тайфунынан келген шығын көлемі 3,3 млрд доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана дәмханасындағы жарылыс: ІІМ оқиға орнынан жантүршігерлік деректерді жариялады
Астанада бір күн бұрын Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх