Ақтауда декреттегі әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады

30 Қыркүйек 2024, 11:00
563
Бөлісу:
Ақтауда декреттегі әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады
Фото: Арман Мухатов архив

Ақтауда әскери қызметкердің денесі өз пәтерінен табылды. Бұл ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Суицид жасаған 39 жастағы әскери қызметкердің денесі өз пәтерінен табылды. Белгілі болғандай, ол келісімшарт бойынша қызмет еткен.

Ақтау гарнизонының мәліметінше, ер адам бір жылға жуық бала күтіміне байланысты демалыста болған. 

Ол отбасындағы кикілжің салдарынан асылып, өз-өзіне қол жұмсаған. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.

Әскери қызмеркер бір жылға жуық бала күтімі бойынша декреттік демалыста болған.

Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады, - деп қорытындылады ведомствода.

Өзгелердің жаңалығы