Павлодар облысында интернет арқылы сатылған вейптер тәркіленді

30 Қыркүйек 2024, 21:07
360
Бөлісу:
Павлодар облысында интернет арқылы сатылған вейптер тәркіленді
Фото: BAQ.KZ

Павлодар облысында интернет арқылы сатылған вейптердің 8388 данасы тіркіленді. Заңсыз айналымда болған заттардың қатарында өзге де материалдар мен 1,2 млн теңге көлемінде ақша да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Бұл өнімдер «Телеграм» мессенджері арқылы сатылып жүрген. Осылайша, заң бойынша сатуға тыйым салынған өнімдер ашық нарыққа түскен жоқ.

Мамандардың айтуынша, басты мақсат - кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар арасында зиянды заттардың таралуына тосқауыл қою.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жоламан Қиналбековтың айтуынша, биыл маусым айында елімізде ҚР Қылмыстық кодексіне «Шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы» атты бап енгізілді. Бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынды.

Нәтижесінде темекі сату орындары анықталып, оларға қатысты материалдар ішкі істер департаментіне жолданды. Сегіз мыңнан астам вейп темекісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексерулер нәтижесінде 1,4 млн. теңге сомасына бір реттік электронды темекілердің, вейптердің» заңсыз сатылуы бойынша үш құқық бұзушылық фактісі тіркелді, - дейді Жоламан Қиналбеков.

Экономикалық тергеп-тексеру қызметі аймақтағы темекі нарығын бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Нәтижесінже акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін сату және заңсыз сақтау деректері анықталды. Нақтырақ айтқанда, мыңнан астам орама тәркіленіп, жойылды.

Өзгелердің жаңалығы