Все новости за 8 қараша 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Астанада қысқы спорт маусымы шаңғы тебу фестивалімен ашылады
Астанада биыл дене шынықтыру-спорттық және сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, барлығы 816 спорттық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Президент Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады
Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығы және "Құрмет", "Отан" ордендерінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
9 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Алатау қаласын дамыту мәселесі талқыланды
Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Дәрігер: Ядролық медицинаның онкологиямен күресте маңызы зор
Ядролық медицина – онкологиялық аурулармен күресте маңызды рөлге ие, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада самбодан әлем чемпионаты басталды
Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында полиция есірткі сатушыдан 18 келі гашиш тәркіледі
Ақмола облысының елордаға жақын аудандарының бірінде полицейлер кезекті есірткі сатушының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Елордада 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапқа тартылды
Елордада “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Иран туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар мырзамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылдан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі тек электрондық түрде берілетін болады
Келесі жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде берілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада сотталған әйел заңды некеге тұрды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйелдер де бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Динар Нөкетаеваның 60 жас мерейтойына арналған кездесу
8 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, ұлағатты ұстаз Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының 60 жасқа толуына орай кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атыраулық оқушылардың жобасы әлемнің ең үздік 100 инновациясының қатарына енді
Атырау қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушылары Хайдар Атагулла мен Қайырхан Лұқпанов әзірлеген «Ақылды көзілдірік» жобасы әлемнің үздік 100 жобасы қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жұп жағажай волейболынан Азия чемпионатының 1/4 финалына өтті
Қазақстан құрамасының волейболшылары Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Филиппинде өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматының Наурызбай ауданында 320 орындық балабақша салынды
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағын ауданында жаңадан салынған балабақшаны қарап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандастарымыздың шетелде 24,5 мың жылжымайтын мүлкі бар
18 мыңнан астам қазақстандықтың шетелде 24 мыңнан астам жылжымайтын мүлкі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Таразда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр
Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Депутат ауылдағы үйге төлейтін салықты көбейтуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев салықтың түрлерін көбейтуді ойлауымыз керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
Қазақстан аймақтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасап, сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр
Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 1980-1990 жылдары салынған инженерлік желілер жаңғыртылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы заңға қол қойылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ғылым министрі студенттер үшін қонақ дәрісін өткізді
Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Қазақстан – өңірлік білім беру хабы» тақырыбында дәрісі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда алғаш рет Азия хоккей чемпионаты өтуде
Алматыда тарихтағы алғашқы Азия хоккей чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатта Қазақстанда агро шикізатты қайта өңдеудегі жаңа ынталандыру ісін талқыланды
Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың басшыларымен, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен фермер шаруашылықтарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әбіш Кекілбаев туған ауылды еліміздегі ең үлгілі ауылға айналдырайық - әкім
Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Онды ауылын еліміздегі ең үлгілі ауылға айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанай облысының өрт сөндірушілері вагондағы жалынды ауыздықтады
Қостанай облысының өрт сөндірушілері өртті 22 минутта сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
"Қазгидромет" РМК 9-11 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгеріс енгізілді
Ұлттық Банк 7-20-25 ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да мердігерден 10 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
Прокурорлық ден қою шараларымен мердігерден 10 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы мектепті жөндеу мерзімінің бұзылуын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Әлеуметтік әмиян". Пациенттерге 470 мыңнан астам дәрі-дәрмектер берілді
Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері eGov Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR-код арқылы пациенттерге 470 мың рецепттің негізінде тегін дәрілік заттар берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Газада Израиль шабуылынан 1 күнде 50 адам қаза тапты
Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы тиімді жүзеге асырылуда
Биыл Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы мал шаруашылығы мен өзге бизнес түрлерін дамытуға басымдық берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада бес бағыт бойынша қосымша автобустар рейске шығады
Астанада 9 қазаннан бастап бес бағытқа қосымша автобустар қосылып, рейстер арасындағы аралықтарды үш минутқа қысқартады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Алматыда іскерлік белсенділік көрсеткіші артты
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Темекі шеккенін қоя алмаған сияқты". Маман уақыт белдеуіне қарсы шығып жүргендердің кім екенін айтты
Биыл 1 наурызда бүкіл қазақстандықтар біртұтас уақыт белдеуіне көшті. Алайда 6 айға жуық уақыт өтсе де, табиғи уақытқа қарсы шығушылардың қарасы көп. Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі Қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрқожаевты әңгімеге тартты.
-
Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады
Жалпы ұзындығы 954 шақырымды құрайтын «Жезқазған – Петропавл» жолы Қазақстанның төрт өңірі арқылы өтеді (СҚО, Қостанай, Ақмола, Ұлытау өңірлері), деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконгта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Skills Enbek платформасында 97 мыңнан астам қазақстандық оқыды
2024 жылдың басынан бастап 97,5 мың азамат, оның ішінде 47,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бос кабинетке алып келіп, қандай сапаны талап етесіздер". Сарапшы ауыл мен қала білімі жайлы айтты
Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев ауыл мен қала оқушылары арасында білім сапасы жайлы айтып, айырмашылыққа не себеп екенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жүн өңдеп, 10 млн теңге табыс тауып отыр
Шағын және орта бизнес форумына Маңғыстау облысы, Құрық елдімекенінен "Бір ауыл – бір өнім" жобасының қатысушысы Жаңагүл Жапарова келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Wanderlust Reader Travel Awards рейтингінде Қазақстан үздік бестікке енді
Жыл сайынғы беделді Wanderlust Reader Travel Awards нәтижелері жарияланды. Қазақстан «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында көшбасшылардың бестігін түйіндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақ Туризм» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазір инвестор көп, бірақ дұрысын таңдау керек - кәсіпкер кеңесі
Он жылдан астам уақыт бизнес саласында жұмыс істеп, бірнеше стартап жобаларды қолға алған Нүркен Рзалиев тұлғалық дағдарысты бастан кешіп, өмірін өзгертуге бел байлаған. Алайда көп жылдық тәжірибесі жерде қалмай, халықаралық компанияға орналасып, бүгінде кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге өз ісін дөңгелетуге көмектесіп жүр.
-
Ауыл мектебі қандай болады
Елордада «Ауыл мектебі» көрмесі ашылды. Көрмеде ХХІ ғасырдағы ауыл мектебінің жағдайы көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматылықтар медициналық сақтандыруға 161 млрд теңге төледі
Қала тұрғындарының ай сайынғы жарналары мен аударымының мөлшері 15-16 млрд теңге, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Кәсіпкерлер жолында көп кедергілер бар – Бектенов
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған “Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес” шағын және орта бизнес форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Елордада 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ «City Transportation Systems» ЖШС сілтеме жасап.
-
Отбасының цифрлық картасы арқылы қанша адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 464,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Күресу қиын". Байбазаров санкцияға іліккен қазақстандық компаниялар туралы айтты
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлыбританияның санкция тізіміне енген қазақстандық компаниялар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов кәсіпкерлерге алғыс білдірді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған “Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес” шағын және орта бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО-да әскери қызметші көз жұмды
Биылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
2025 жылдан бастап елімізде зейнетақы мен жәрдемақылар қанша теңгеге өсетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастыққа арналған конференция басталды
Маңызды шара "Біріктірілген және тұрақты ЦАРЭС (бағдарлама атауы-ред.) аймағын құру" тақырыбына арналған деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Күйзеліс кетіп, жайланасың": Қолөнерші қой жүнінің қасиетін айтты
Марияш Алжанова – Қызылорда облысы Сырдария ауданының Айдарлы ауылының қолөнершісі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
-
Әкесінен ерте айырылған бір үйдің балалары арманын айтты
Батырбек пен Диас Жақсылық – Павлодар облысының шағын ғана Кемеңгер ауылында тұратын ағайындылар. Тағдырдың олардың отбасына дайындаған сынағы оңай болған жоқ, әкесі 2020 жылы жол апатында көз жұмып, анасы төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Талғар қаласына жаңа әкім сайланады
ОСК Алматы облысы Талғар ауданына қарасты аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімінің сайлауы 15 желтоқсанға белгіленгенін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан Балқаш көліне 13,5 текше шақырым су жіберілді
Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 м жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ваучерлік қаржыландырудың енгізілуі: мектепке дейінгі сапалы білім алуға жасалған қадам
Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға берілетін мемлекеттік тапсырысты дербестендіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Келесі Олимпиадада 71 келіде өнер көрсеткім келеді - Төрехан Сабырхан
Будве қаласында болған жастар арасындағы Әлем чемпионатының чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы Төрехан Сабырханмен Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі сұхбаттасты. Әлем сарапшылары «Азия сойқаны» деп атап кеткен боксшы спорттағы мансабы мен жоспарлары туралы айтты.
-
Испанияда су тасқынынан опат болғандар саны 219 адамға жетті
Тағы 93 адам хабар-ошарсыз кетті. Опат болған және зардап шеккендердің дені Валенсия қаласының тұрғындары, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
8 қарашаға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 6 қарашаға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов: Мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге айналдырылғандығы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таразда «Түйте» каналының бойы абаттандырылуда
Тараз қаласы аумағындағы 6 ирригациялық және 2 дренаж каналын механикалық тазалауға қала бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазір «Түйте» каналында жұмыстар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында 15 тонна шөп өртенді
Аршалы ауданының Красное озеро ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында 9 айда 231 адам туберкулез дертін жұқтырған
Атырау облысында 9 айда 231 адам туберкулез дертін жұқтырған. Қан түкіретін науқастар саны өткен жылғы көрсеткіштен 15 адамға ғана азайған, деп хабарлайды BAQ.KZ Astana арнасына сілтеме жасап.
-
Елімізде колледжге құжатты онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды
Енді талапкерлер үшін колледжге түсуге арналған құжаттарды тапсыру процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Талапкерлер eGov.kz порталы арқылы құжаттарын онлайн түрде тапсыра алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан: Сайрам ауданында теміржол үстіндегі көпір кеңейтіледі
Түркістан облысындағы автомобиль жолдары саласында жаңа жобалар қолға алынбақ. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекенінен Қарабұлақ бағытына қарай облыстық маңызы бар КХ-3 «Ақсукент – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолының 27 шақырым көпірді кеңейтуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер сотталды
Шымкентте жыл басынан сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбылда автокөлік тиелген көлік өртенді
ТЖМ қызметкерлері өрттен 4 автокөлікті құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Қазақстан мен Словакия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Роберт Калиняк әскери білім беру мен бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді
QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 175 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды
Алматыда баспана кезегінде тұрған 175 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх