Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

8 Қараша 2024, 18:07
337
Бөлісу:
Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр
PHOTO
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 1980-1990 жылдары салынған инженерлік желілер жаңғыртылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында жұмыс сапары барысында Мамыр-4 шағын ауданындағы инженерлік желілердің құрылысы барысымен танысты.

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Бұл шағын ауданда жаңғыртуға дейін тұрғындар 1980-1990 жылдары салынған желілер пайдаланып келген, олар 90% тозған. Биылғы тамыз айында қала әкімінің тапсырмасымен Мамыр-4 шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы – 12,3 км: сумен жабдықтау желілері – 6,5 км, су бұру желілері – 5,8 км. Инженерлік желілердің құрылысы биыл осы шағын аудандағы 14 өтпелі жолда өтеді.

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Қазіргі таңда су бұру желісінің 2 км және сумен жабдықтау желісінің 1,5 км салынған. Жоба 750-ден астам тұрғыны бар 197 үйді қамтиды. Құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

2025 жылы тағы 4 көшеде – Абай даңғылы, Момышұлы, Саин және Мұстай Кәрім көшелерінде желілерді салу жоспарлануда.

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Ерболат Досаев Әуезов ауданының әкіміне Мамыр-4 шағын ауданында инженерлік желілерді салу жұмыстарын сапалы және белгіленген кестеге сай аяқтауды тапсырды. Қала басшысы барлық үйді жаңа желілерге уақытылы қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атады.

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Айта кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.

Алматының Әуезов ауданында 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Осылайша, қабылданған шаралар кешені арқасында шамамен 100 мың қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау және су бұрудың көпжылдық мәселесі шешіледі.

Өзгелердің жаңалығы