Астанада 9 қазаннан бастап бес бағытқа қосымша автобустар қосылып, рейстер арасындағы аралықтарды үш минутқа қысқартады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа автобустар №3, 15, 31, 40 және 326 маршруттарға қосылады.
- №3 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- №15 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 15);
- №31 бағдар – енді 10 автобус (бұрын 7);
- №40 бағдар – енді 19 автобус (бұрын 18);
- №326 бағдар – енді 4 автобус (бұрын 3).
Графиктердің санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері басқа бағдарларға қосылған автобустар жөнінде хабарланады.
Оқи отырыңыз: