Алматылықтар медициналық сақтандыруға 161 млрд теңге төледі

8 Қараша 2024, 12:20
393
Бөлісу:
Алматылықтар медициналық сақтандыруға 161 млрд теңге төледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қала тұрғындарының ай сайынғы жарналары мен аударымының мөлшері 15-16 млрд теңге, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл еліміз бойынша медициналық сақтандыру қорына 911 млрд теңге түскен.

Түскен қаржының басым бөлігі – жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлер үшін жасаған аударымдары. 10 айда жұмыс берушілерден 89 млрд теңге түскен. Жалдамалы жұмыскерлердің  жарнасы 58,7 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері оңтүстік астана тұрғындары Медициналық сақтандыру қорына 161 млрд теңгеден астам қаржы аударған, - дейді МСҚ Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.

Сонымен қатар, МӘМС жарнасын ай сайын жеке кәсіпкерлер де аударған.

Өткен 10 айда жеке кәсіпкерлер 8,5 млрд теңге, ал азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндер 3,3 млрд теңге жарна төлеген. Соңғы кезде жарнаны өз бетінше төлейтіндер саны артып келеді. Осы жылдың 10 айында олар 1,1 млрд теңге жарна аударған,- деді Ілияс Мұхамеджан.

Өзгелердің жаңалығы