Все новости за 5 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қостанайда 2 провизорлық госпиталь жұмысын тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты Қостанайда 2 провизорлық орталық жұмысын тоқтатты.
-
Зеленскийді саяси сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина сайлаушылар комитетінің (КИУ) бас директоры Алексей Кошель ел Президенті Владимир Зеленскийді саяси сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптады. Бұл туралы lenta.ru "Украина Новини"-ге сілтеме жасап хабарлады.
-
Ninety one тобының құрамы өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Топ мүшесі AZ топтан кетті. Бұл туралы Juz intertainment ресми парақшаларында хабарлады.
-
Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады
Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 21 250 теңге төленді.
-
Түркістан облысы: Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы емделуші ауруынан толық сауығып шыққан.
-
ДДСҰ: Ұжымдық иммунитет туралы айтуға әлі ерте
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 тарала бастаған жарты жылда қауіпті індет әлем халқының тек 10 пайызын шарпыған. Бұл көрсеткіш ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына жеткіліксіз.
-
Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік банк сарапшылары COVID-19 пандемиясының Орталық Азияда адам дамуының терең дағдарысына алып келуі мүмкін екенін ескертеді.
-
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастыруды ескертті - Асхат Аймағамбетов
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдым. Президентке жаңа оқу жылына дайындық және бұған дейін министрлікке міндеттеген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп бердім. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Еліміздің 9 облысында аптап ыстық болады
Елімізде 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.
-
Оралдықтар цифрлық сауаттылығын арттыра түспек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілетін тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру курстары онлайн өтіп жатыр, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Талдықорған ХҚКО-лары қызметтің 80 пайызын электронды форматта көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет көрсетудің шамамен 80 проценті электронды форматқа көшірілген. Қызмет алудың басқа баламасы жоқ 106 қызмет түрі қағаз форматында көрсетілуде деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
IQala қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IQala қалалық қызметтер орталығы жүргізген мониторинг барысында тұрғындардың көпшілігі онлайн режимінде қолжетімді ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты қызметтер үшін келетіні анықталды.
-
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерін орындап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында Қазақстан ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілде айларында мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісім бойынша жаңа міндеттемелерге қосылды.
-
Жамбылдық медқызметкерлерге 10 жедел жәрдем көлігі сыйға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының автопаркі 10 жаңа автокөлікпен толықты.
-
Бағдат Қожахметов: "Шектеу шаралары жақын күндері толық алынады" деген үміт болмасын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда ғана ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметін бастаған Бағдат Қожахметов бүгін "Желмая" жобасында қонақта болып, елді толғандырып жүрген бірқатар сауалға жауап берді.
-
Ясауи жайлы аңыздардың балаларға арналған топтамасы ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "100 аңыз" кітабындағы аңыз-әңгімелер арқылы Қожа Ахмет Ясауидің балалық шағы, ұстаздары мен шәкірттері, өмірлік жолы мен өнегесі сипатталады.
-
"Барыс" екі қазақстандық хоккейшімен келісімшартты ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаушы Мадияр Ыбырайбеков пен шабуылшы Дмитрий Преснов "Барыс" жүйесінде қалатын болды, деп хабарлады olympic.kz.
-
Жыл басынан бері елімізде қанша адам жұмыссыз қалғаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Елімізде жұмыстан қысқарғандар саны артып келеді. Бұл туралы LS хабарлады.
-
Бейрут портындағы жарылыс: Тоқаев көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтты.
-
Алматыда жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов түнде жарыс өткізетін орындарға бейнебақылау камералары орнатылатынын мәлімдеді.
-
Еліміздегі ақылы жолдардан 2 млрд-тан астам төлем түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде елімізде 682 шаршы шақырымнан астам ақылы жол бар. Олар – Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қорғас, Алматы-Қапшағай. Аталған ақылы төрт жол учаскесінен бүгінге дейін 2 млрд 781 млн теңге төлем түскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов мәлім етті.
-
Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан
Алматы, BAQ.KZ. Түркия Денсаулық сақтау министрі Фархеттин Қожа курорттық демалыс орындарында коронавирус жұқтырғандар санының күрт артқанын мәлімдеді.
-
Тоқаев білім министріне мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Түркістанның демалыс аймақтарына блок-бекеттер қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Төлеби ауданында елде жарияланған карантиндік режимге байланысты сақтық шаралары күшейтілді, деп хабарлады Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
10 тамыз – Абай күні деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай күні мерекесі құтты болсын!, деп жазды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Facebook-тегі парақшасында.
-
Биыл "Нұрлы жер" бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін елімізде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үйді тапсыру көзделген.
-
Сатушылардың қанша пайызы жасөспірімдерге темекі сатуға дайын?
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы "Adal Nietpen" жобасы аясында құрамында никотині бар өнімдерді сату тақырыбында дүкен сатушылары арасында сауалнама жүргізді.
-
Бейрут портындағы жарылыс елге қанша шығын келтірді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы мәліметтер бойынша, елде оқыс оқиға салдарынан жүзден астам адам қайтыс болып, төрт мыңға жуық адам жарақат алған.
-
Жеті айда 43 мыңнан астам адам зейнетке шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында 43 мыңнан астам қазақстандық зейнетке шықты.
-
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан босатылды
Алматы, BAQ.KZ. Марат Жұманқұлов Денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы өңірдің әкімдігі хабарлады.
-
Ертіс өңірінде құрылысшылар қола дәуірінің артефактілерін тауып алды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Железин ауданында су құбырының құрылысы барысында Андронов дәуіріне жататын артефактілер табылды. Алдағы уақытта археологтар қазба жұмыстарын жүргізбек.
-
#Желмая. ДСМ ресми өкілі: БАҚ-қа барынша ашық болуға уәде беремін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмаяның" бүгінгі қонағы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
-
Ақмолалық дәрігерлер коронавирусты емдеуде қымыз қолдануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандардың айтуынша, қымыздың адамның иммунитетін көтеруге, ағзаны қалпына келтіруге әсері зор.
-
"Алматы жастары 3.0" бағдарламасының шарттары барынша жеңілдетілді – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ. Бірінші кезең бойынша өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды, олардың тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.
-
Алматыда күннің қатты ысуына байланысты ескерту жасалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 6-8 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлады Алматы қаласының ТЖ департаменті.
-
Қазақстандық жолдарда 11 мыңнан астам белгі ауыстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, республикалық маңызға ие жолдарда жол жағдайы элементтерін реттеуге бағытталған кешенді бағдарлама аясындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлады ИИДМ.
-
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өмірзақ Ниязбеков Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Індет ұйытқып отырып қайта соғуы мүмкін – Шыңғыс Мұқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті.
-
Коронавирус: Жамбыл облысында 80 пайыздан астам науқас емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында қабылданған жедел шаралардың арқасында коронавирустық инфекциямен күресте бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, аталған дерттен сауыққандар саны арта түскен.
-
Әкімдердің кейбірі "Рухани жаңғырудың" мән-маңызын да жете түсінбейді – Зарина Қуатова
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының белгісін қойып кез келген, тіпті, спорттық немесе басқа да бағыттағы іс-шараларды бағдарлама аясында деп көрсеткен жағдайлар көп анықталды. Бұл бағдарламаның халық арасындағы қадірін қашырғаны жасырын емес.
-
Шымкенттегі 8 нысанда ауызсу жүйесінің құрылысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында Абай ауданындағы 5 тұрғын алап пен 2 шағын ауданды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
-
"СҚ-Фармация" дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барып, онда COVID-19-дан емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және ҚР денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.
-
Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандық марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқырған 28 жастағы Әлиакбар Юлдашев марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz The Korea Times басылымына сілтеме жасап.
-
УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еурокубоктар үшін талас қайта жалғасуда. 1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңдарында өтеді. Турнирлер наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылып, кейін УЕФА еурокубоктарды тамыз айында ойнату туралы шешім қабылдаған болатын.
-
Жануарларға арналған заңнамада оларды күтіп ұстауға қатысты ереже жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын талқылау барысында айтты. Онлайн талқылау министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.
-
Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін тағайындалатын жаза тым жеңіл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын талқылау барысында айтты. Онлайн талқылау министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.
-
Түркістан облысында мал ұрлау дерегі азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 13 қылмыстық топты ұстап, жолын кескен, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Бейруттегі жарылыс Арыстағы оқиғаға ұқсас – Расул Жұмалы
Алматы, BAQ.KZ. Бейруттегі жарылыс террорлық әрекеттен гөрі жемқорлық пен лауазым иелерінің салдыр-салақтығына, жауапсыздығына көбірек ұқсайды. Бұл туралы саясаттанушы Расул Жұмалы facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Ішкі істер вице-министрі: Погон тақпаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңадан тағайындалған ҚР Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов өзінің Facebook парақшасында азаматтық лауазымда жұмыс атқарамын, погон тақпаймын деп мәлімдеді.
-
Павлодарда білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа оқу жылында Павлодар қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа алты мың бала қабылданады деп күтілуде. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары қызу.
-
Бір топтағы студенттің саны 15-тен аспауы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шағын қалаларда орналасқан колледждер штаттық режимде жұмыс істейді. Бірақ топтағы баланың саны 15-тен аспауы тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордалық гарнизонда ПТР-зертханасы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аппараттық кеңес барысында Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Оңтүстік өңірдің бөлімдері мен бөлімшелерін тексеру қорытындысы, сонымен қатар Қарулы Күштерді кадрлармен жасақтау мәселелері қарастырылды.
-
Алтай Көлгінов қолжетімді тұрғын үй құрылысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылыс көлемі едәуір артады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстан соңғы 5 жылда интернетке қолжетімділік бойынша жақсы серпін жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" онлайн брифингінде айтты.
-
Алматыда қосымша 360 "Сергек" камерасы орнатылады
Алматы, BAQ.KZ. Биыл Алматыда қосымша тағы "Сергек" камералары орнатылады.
-
Тоқаев Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейрутта болған жарылысқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің түсініктеме берді.
-
Ливандағы жарылыс. Қазақстандық консулдың жағдайы жақсы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрлігі Бейруттегі жарылыстан жапа шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.
-
Пошта қызметкері тұрғындардың есепшотынан заңсыз ақша шешіп алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері бес тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 154 мың жұмыс орны құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 6 373 жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 154 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Жалған қызметкерлерге заңсыз жалақы аударылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында есепші жалған қызметкерлерге заңсыз жалақы аударған, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
-
COVID-19: Білім беру саласындағы теңсіздік артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Айша Вауда "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" онлайн брифингінде айтты.
-
Алматыда дәрігерлер өкпесі 90% зақымданған әйелдің өмірін сақтап қалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы дәрігерлері пневмониямен ауырған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Маусымдық аллергиясы бар науқастарға коронавирус қауіпті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аллерголог дәрігер Арман Байділовтың айтуынша, егер тыныс жолдары қабынған болса, коронавирус түскен кезде вирустық процесс өте тез дамуы мүмкін.
-
Beeline-Қазақстан ойынға арналған тарифтік жоспарын іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ойын" тарифі "Үйдегі интернет" қызметі мен "World of Tanks" танымал ойынының ең үздік қызметтерін алуға мүмкіндік береді.
-
Пандемияның салдары 65 жылға созылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Айша Вауда "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" онлайн брифингінде айтты.
-
"Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 тамыз - Қазақстанның Халық әртісі, белгілі сазгер, "Қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
-
Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь елінің астанасы Минск қаласында бокстан "Kоld Wars" халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.
-
Жақсылық Үшкемпіров туралы жазғанда жиі қателесетін жайттар мен деректер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2 тамыз күні қазақтың даңқты спортшысы, грек-рим күресінен 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өтті. Бұл қаза еліміздің қабырғасын қайыстырып кетті.
-
"Qoldau" жүйесінен шаруаларға қолдау болмай тұр
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да экономиканы әртараптандырудағы ауыл шаруашылығы саласының алатын орны ерекше.
-
Құс тұмауы: Қазақстан Ресеймен шекараға шектеулер қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. Вирустың ерекше қауіп аймағы – Қазақстанның солтүстік-батыс аймақтары.
-
Ливан билігі Бейрут портындағы жарылыстың себебін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливан премьер-министрі Хассан Дияб Бейрут портындағы жарылыстың себебін атады, деп жазды РБК.
-
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 5 тамыз күні еліміздің қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты.
-
Елімізде бір тәулікте 1062 адам коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 4 тамыз сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1062 адамды құрады.
-
Коронавирус. Тәуліктік нәтижелер күн сайын жарияланатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
-
Беларусьте президенттік сайлауға мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саяси шара 8 тамызға дейін жалғасады, деп жазды "Хабар 24".
-
Қордайда фармацевтикалық зауыт салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қордай ауданына келді. Сапар барысында өңір басшысы бірқатар құрылыс нысандары мен шаруа қожалықтарын аралады, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Көкшетауда бір топ адамның төбелесі видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда он шақты ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp-та жіберілген хабарламалардың шынайылығын тексеруге мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды.
-
Солтүстік Қазақстанда үш қоқыс орны жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" республикалық іс-шарасы аясында мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды.
-
Ақтөбе облысының екі ауданында коронавирусты анықтайтын зертхана ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбенің екі ауданында ветеринария лабораториялары базасында коронавирусты анықтайтын зертхана ашылады.
-
Бейруттағы жарылыс: Сәрсенбі аза тұту күні деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбіні Бейруттағы жойқын жарылыстың құрбандарына байланысты аза тұту күні деп жариялады, деп жазды РИА Новости.
-
Бейруттағы жарылыс мұнай бағасы мен доллар бағамына әсер етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнай бағасы Бейрут портындағы жарылыс туралы хабарламалар мен Израильдің осы оқиғаға қатысы жоқ екендігі туралы мәлімдемелері аясында өсу қарқынын біршама жеделдетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Наверх