Оралдықтар цифрлық сауаттылығын арттыра түспек

5 Тамыз 2020, 20:19
1099
Бөлісу:
Оралдықтар цифрлық сауаттылығын арттыра түспек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілетін тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру курстары онлайн өтіп жатыр, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Курсты алу үшін www.digitalkz.kz/kursy/ сілтемесі арқылы өтіп, тіркелу қажет.

Базалық цифрлық дағдылар" – дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, интернет желісін пайдалану, "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер" – қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін e-gov электрондық үкімет веб-порталын пайдалану, "Ашық Үкімет" – ашық деректерді, ашық нормативтік-құқықтық актілерді, ашық диалог пен бюджетті пайдалану, "Электрондық сауда" – тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары оқытылады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тұрғындар "Ақпараттық қауіпсіздік негіздері" – дербес деректерді қорғау дағдылары және интернет желісіндегі жұмыс қауіпсіздігі тақырыбы бойынша білімін кеңейте алады.

Өзгелердің жаңалығы