Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

5 Тамыз 2020, 08:27
919
Бөлісу:
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 5 тамыз күні еліміздің қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты.

Сәрсенбі күні ауа сапасы 2 қалада – Балқаш пен Шымкент қалаларында нашарлайды деп күтілуде. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы