Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды 

5 Тамыз 2020, 14:40
3033
Бөлісу:
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өмірзақ Ниязбеков Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өмірзақ Ниязбеков 1966 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастады.
Осыған дейін ол хирург, Үшарал қаласының орталық қалалық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, "Түрксіб" санаторийі ААҚ бас директоры, № 7 ГККП қалалық клиникалық ауруханасының хирургі, қаладағы емдеу-диагностикалық орталығы МКҚК амбулаториясында жұмыс істеді.

Алматы қаласы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы "Қарасай аудандық ДББ" РМК-да ГКП директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы, Алматы қаласындағы "Алматы облыстық онкологиялық диспансері" РМК-да ГКП медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары міндеттерін атқарды.

2018 жылдың шілдесінен бастап - Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ысқақ Бауыржан Ербозымұлы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен босатылған болатын.
Өзгелердің жаңалығы