Все новости за 13 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қарағанды облысының тауар өндірушілері бизнестің жаңа бағыттарын табуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дағдарыс жағдайында Қарағанды облысының отандық тауар өндірушілері бизнес үшін жаңа бағыттар табуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Жамбыл облысында 15 жаңа мектеп салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Жамбыл облысында 22 білім беру мекемесінің құрылысына 10,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Ауғанстан үкіметі Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты
Бүгін Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі Ахмад Джавад Османимен кездесті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Балқаш көлі. Ер адам баласын құтқарамын деп батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш көлінде баласын құтқармақшы болған ер адам суға батып кетті. Бұл туралы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
17 тамыздан кейін де карантин қатаң сақталады – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 17 тамыздан кейін карантин шаралары қалай жеңілдейтінін түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның телеграм-парақшасында жарияланды.
-
Үндістанда коронавирусқа қарсы дәрі сатылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үнділік Zydus Cadila фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ды емдеуге арналған Remdac атты вирусқа қарсы препаратты сатуды бастады. Бұл туралы zakon.kz IndiaTVNews-ке сілтеме жасап хабарлады.
-
Биыл елордалық 25 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматыда 10 минут ішінде 16 млн теңгесі бар сейфті қолды қылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 37 жастағы ер адам ғаламтор-дүкеннің кеңсесінен 16 млн теңге салынған сейфті ұрлап кеткен.
-
Forbes: Әлемде ең жоғары гонорар алатын әртіс кім?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дуэйн Джонсон екі жыл қатарынан forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең жоғары ақы төленетін әртістер тізбесін бастап келеді.
-
Павлодар облысында демалыс орындары ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында да екі айдан астам уақыт бойы жұмыс істемеген демалыс үйлері ашылады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.
-
Түркістан облысында аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есеге азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылмен салыстырғанда Түркістан облысында аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есеге азайған. Мамандар көмекке мұқтаж жанұялардың азайюын көп балалы отбасылардың бөлек санатқа шығып, оларға арнайы әлеуметтік жәрдемақының көрсетілуімен байланыстырады.
-
"Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту қажет": Елбасы Асқар Маминді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.
-
Ауа райы: 8 өңірде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 14 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
-
БАӘ-ден келген гуманитарлық көмек Түркістан ауруханаларына үлестірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының барлық 35 медициналық мекемесіне әлемнің түкпір-түкпірінен келген қайырымдылық көмек таратылуда.
-
Мемлекеттің міндеті - азаматтар мен ҮЕҰ бастамаларын қолдау - М. Қожахмет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұрат Әбеновтің "Азаматтық сараптама" бағдарламасының тікелей эфирінде "2021 жылы гранттық саясат қалай өзгереді?» деген тақырып талқыланды. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М.Қожахмет және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Б. Мукина қатысты.
-
Өркениетті елдерде 11 жыл бойы нашар оқыған балаларға грант берілмейді – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook-тегі парақшасында грант мәселесін көтерді.
-
Сенат ауқымды тұрақтандырушы қызметке ие – Дәурен Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының сайлауы аясында желіде бірқатар пікір пайда болды. Онда жекелеген сарапшылар: "бізге Парламенттің жоғарғы палатасы қажет пе? Бұл саяси жанрдың барлық заңы бойынша федералды немесе конфедеративті аумақтық құрылымы бар елдерге қол жеткізе алатын үлкен салтанат" деген пікір жазған, деп хабарлады Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.
-
Депутаттардың "ұйықтап отыратын" әрекеті келмеске кетуі керек – саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жаңадан сайланған сенаторлар Қазақстан халқына қажетті заңдарды қабылдайды деп сенім артуға болады. Депутаттар жайлы ақпарат аз, дегенмен алдағы уақытта олар өздерін көрсетуге тиіс. Себебі, қазір халық сенаторлардан да, депутаттардан да үлкен жауапкершілікті талап етеді.
-
Әлеуметтік кәсіпкерлікке ерекше қолдау көрсетіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкер Талғат Қожахметов әлеуметтік осал топтағы адамдарды оқыту және жұмысқа орналастырумен айналысатын Green TAL әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Аскеровпен кездесті.
-
Нью-Йоркте "Азияның батыр қызы" атанған бүркітші оқуға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүние жүзінде ең жас құсбегі атанған қандасымыз Айшолпан Нұрғайып Сулейман Демирел университетінің студенті атанды.
-
Карантин: Демалыс күндері шектеу шаралары сақтала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Қазақстанда карантин шаралары күшіне енгізілген кезеңде эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылып, медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай төмендетілді. Осыған байланысты мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын субъектілердің тізімін бекітті. Алайда, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады. Назарларыңызға мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, жұмысын жандандыратын, әлі де тыйым салынған мекемелер тізімін инфографика түрінде ұсынамыз.
-
Карантин: 17 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын мекемелер тізімі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
-
Елімізде жеті айда 1,3 млн көлік тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жыл басынан бері арнайы ХҚКО-да 1,7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.
-
Сенат сайлауы таза өтті – Берік Имашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенаты сайлауында заңбұзушылық орын алған жоқ. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты.
-
Швеция жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасы" кезеңін өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 тамыз күні Швеция астанасы Стокгольмде жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасы" кезеңі өтеді. Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.
-
Қазақстан елшісі Ауғанстан денсаулық сақтау министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгельдиев Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі Ахмад Джавад Османимен кездесу өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
-
300 қазақстандық IT-компания жеңілдікке ие болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде 300 қатысушы компания бар. Технопарктің барлық қатысушысы салық жеңілдіктерін алады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтардан босатады.
-
Сенат сайлауының соңғы қорытындысы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары жарияланды.
-
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан ең алғашқы салынған мектеп табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан маңызды тарихи нысандар табылды. Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда екі қонақүй ауруханаға айналады
Алматы, BAQ.KZ. RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақүйін қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналдырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимылға үлес қоспақшы. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.
-
Елордада жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Медицина мекемелеріне гуманитарлық көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетімен күресуде медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсетуде жеке ұйымдар да шетте қалмады.
-
Диқандар егін орағына дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cенаторлардың өңірлерге сапары жалғасуда.
-
Мұнай компаниясына орналастырам деп елді алдаған алаяқ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері азаматтардың үлкен көлемде ақшаларын алаяқтық жолмен пайдаланып, оларға жалақысы жақсы жұмыс ұсынған әйелді ұстады.
-
Сапалы құрылған тәуекелдерді басқару дағдарыстың алдын алады – "Самұрық Қазына"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ тиімді құрылған тәуекелдер менеджментінің арқасында пандемия кезінде бизнес пен экономикадағы жағдайларға дайын болып, дағдарыстың тигізетін жағымсыз салдарларын азайтып отыр. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында Қордың құқықтық сүймелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко мәлім етті.
-
Праймериз бойынша ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясында праймериз өткізу бойынша орталық ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті.
-
Елордада білім беретін 26 мекеме жөндеуден өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов бірқатар білім беру мекемелерін аралады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
ХҚКО-да аналарға құрмет көрсетілді
Алматы, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының Алатау аудандық фронт-офисі соңғы екі айда 3,5 мыңға жуық өтініш қабылдаған. Бұл туралы филиал директоры Данияр Қырықбаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.
-
Шығыс Қазақстандық экологтар жағалауларды тазалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының белсенділері "Таза Қазақстан" акциясы аясында жағалауларды тазалады, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Нұрымбетовтің ағасына қатысты сот ісі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды.
-
Алматы көгінде тікұшақтар не істеп жүр?
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы тікұшақтардың қала көгінде неліктен жүргенін түсіндірді.
-
Беларусьте бірнеше танымал журналист жұмыстан кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше танымал теле, радио жүргізуші мен журналист Беларусь мемлекеттік БАҚ-нан жұмыстан босату туралы өтініш жазды және бұл туралы олар өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады, деп жазады interfax.ru.
-
Шекарадан есірткі заттарын алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан шекарасы арқылы есірткі заттарды алып өтпек болған шетелдік азаматтар ұсталды.
-
Рауан Кенжеханұлы "100 жаңа оқулық" жобасының нәтижелері туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында "Ұлттық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы "100 жаңа оқулық" жобасы туралы айтып берді.
-
"Рухани жаңғырудың" болашағы атқарылған іс-шаралардың ұзын санына тәуелді емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов айтты.
-
Рухани жаңғыру: Іс-шаралардың санына емес, сапасына мән береміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов айтты.
-
Степногорсктегі мұнай өңдеу зауытында жаңа жұмыс орындары ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазына капитал менеджмент" акционерлік қоғамы Степногорсктегі шағын мұнай өңдеу зауыты жобасының екінші кезеңін қаржыландырды. Жаңғыртылған өндірісті іске қосу кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы "Қазына капитал менеджмент" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістанда "Қамқорлық" бағдарламасы арқылы 34 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында "Қамқорлық" бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – әлеуметтік жағдайы аса төмен, көмекке мұқтаж тұрғындарға көмектесу. Оларды жан-жақты қолдау, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Тұрғын үй кезегінің жылжуы тек үй беруге байланысты емес – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада тұрғын үй кезегінде 47 мың отбасы бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Айша Бекенова айтты.
-
"Менің Қазақстаным" фестиваліне шетелдіктер де қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылы аясында "Менің Қазақстаным" эстрада әншілерінің онлайн-фестивалі өтуде.
-
Алматыда 67 медициналық ұйым жоспарлы емдеуді қайта бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 1 тамыздан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды.
-
Сотталғандар туған-туысқандарымен онлайн жүздеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақындарынан жырақта болып, жабық мекемеде жазасын өтеп жатқан жазаланушылар үшін онлайн оңтайлы болып отыр.
-
Жыл басынан бері порттар арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 7 айда еліміздің теңіз порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк ауыстырып тиелді. Бұл - өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке тең, деп хабарлайды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
-
Жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметі меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының "Жастар ресурстық орталығы" ғимаратында маңызды құжатқа қол қойылды.
-
Шілде айында қазақстандықтар 113,1 келі алтын құймасын сатып алған
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылғы шілдеде ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 113,1 кг құрайтын 2 712 өлшеуіш құйма сатып алды.
-
"Jas Otan" мектеп және колледж түлектеріне тегін оқу гранттарын табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сертификат иегерлері – көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққандар және қоғамдық іс-шараларға қатысатын, волонтерлікпен айналысатын белсенділер.
-
Қазақстанда металл бұйымдар өндірісі 20 %-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы жарты жылда 117,1 млрд теңгенің дайын металл бұйымдары өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға артық, деп жазды energyprom.kz.
-
Есірткі сатумен айналысқан шетелдік пен үш қазақстандық ұсталды – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арнайы операция барысында үш қазақстандық пен бір шетелдік ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде коронавирус жұқтырған 23 281 адам ем қабылдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
-
Жағажай маусымы басталғалы елордада 114 адам жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты су айдындарында шомылуға тыйым салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Беларусьтегі кейбір әскерилер жұмыстан шыға бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. NEXTA Live тelegram арнасының хабарлауынша, әскерилердің кейбірі әскери формаларын қоқыс жәшіктеріне лақтырса, ал кейбір әскери қызметкерлер отставкаға кетіп жатыр.
-
БҚО-да жалған құжаттар бойынша металл партиясын әкетудің алды алдынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да жалған құжаттар бойынша жалпы салмағы 23 тоннадан асатын металл партиясын әкетудің алды алынды. Бұл туралы МКК баспасөз қызметі хабарлады.
-
"ҚазАқпарат" – ғасырлық ғұмырдың тұғыры
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін - "ҚазАқпарат" халықаралық агенттігінің құрылғанына 100 жыл. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазақстандағы тұңғыш ақпарат агенттігінің негізі қаланды. Қазір қанатын кеңге жайған алып компанияда бірқатар интернет басылым жаңалықтың жаршысы болып, халыққа ақпарат таратып отыр.
-
Елорда маңында дала семинары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бараев атындағы АШҒӨО-да Ақмола облысы фермерлерінің қатысуымен дала семинары өтті.
-
2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 13 тамыздағы жағдай бойынша биылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 541 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.
-
Бейрут портының жұмысы біртіндеп жандана бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Ливан астанасындағы порт саудагерлер үшін кемелерді түсіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады министр.
-
Жастардың білімі бүгінгі нарық талаптарына сай келмейді – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" ТА-ның Aкimat Live бағдарламасында өткен тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, орта және жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесін шешу туралы әңгімеледі.
-
Бейруттағы жарылыстан төрт мыңға жуық ғимарат қирап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливан астанасындағы портта болған жарылыс жарты қаланы қиратты. Сақтандыру компаниялары 3 миллиард доллар шығын келгенін айтуда.
-
Алматыда ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың дозалық екпе сатып алынады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасында айтты.
-
Тоқаев "ҚазАқпарат" ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
-
Атырау облысында 170 мектепте 1446 кезекші сынып ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезекші сыныпқа 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады.
-
Әлемнің кейбір елінде коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джонс Хопкинс университетінің бағалауы бойынша, жер бетінде расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырушылар саны 20 миллионнан асты.
-
Қорғаныс министрі Үшарал гарнизонының жай-күйімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үшарал гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде тағы 517 адам коронавирус індетіне шалдықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 517 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Қашықтан оқыту курстарынан елордалық 12 мыңнан астам педагог өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог (мектеп, колледж, балабақша тәрбиешілері) қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-курстардан өтті.
-
13 тамызда елдің көп өңірінде дауыл тұрып, бұршақ жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, 13 тамызда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
-
Жыл басынан бері өңірлерде 12 миллиард теңге игерілмей қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы бірінші жартыжылдықта жергілікті бюджеттердің кірісі 3,6 триллион теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл – 39,2%-ға (2,6 триллион теңге) артық.
-
Бейруттағы жарылыс: жаралылар арасында коронавирус өршіп барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейруттағы жойқын жарылыста қаза тапқандардың саны 171-ге жетті. Аса ауыр жарақатпен ауруханаға түскендердің кейбірі сол күйі есін жимастан көз жұмған.
-
Карантин: Нұр-Сұлтанда соңғы аптада 722 заң бұзушылық тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бір аптаның ішінде елордада 722 заң бұзушылық тіркелген. Әкімдіктің ресми сайтында хабарланғандай, қалада карантин тәртібін сақтауға қатысты рейдтер әлі де жалғаса бермек.
-
Ресейлік цирк әртістері амалсыз Петропавлда жан бағып жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың желтоқсанында Петропавлға келген ресейлік цирк әртістері карантиннің салдарынан 8 ай тұралап қалыпты. Содан олар аң-құстарын тамақтандыру үшін такси қызметі және дәнекерлеу жұмысымен айналысуға мәжбүр болған.
-
Алматы облысының бас санитарына қатысты қызметтік тергеу басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас санитарына қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасына жазды.
-
Халықтың табысы төмендеп, кедейлену жүріп жатыр - Сағынтаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экономикасының тез қалпына келетініне үміт білдірді. Алайда, карантин қайта жалғасатын болса, оған қарсы төтеп беру оңайға соқпайтын көрінеді.
-
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өңірде екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Наверх