БАӘ-ден келген гуманитарлық көмек Түркістан ауруханаларына үлестірілді

13 Тамыз 2020, 19:48
1204
Бөлісу:
БАӘ-ден келген гуманитарлық көмек Түркістан ауруханаларына үлестірілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының барлық 35 медициналық мекемесіне әлемнің түкпір-түкпірінен келген қайырымдылық көмек таратылуда. 

Жүктің ішінде қажетті дәрі-дәрмек, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш заттары, медициналық бетперде, қолғап, антисептикалық құралдар бар. Көмек COVID-19 вирусына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлер мен емделушілерге беріледі, - делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

9b15f399-8849-467a-a083-b811ad788ee3.jpg

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізілген қайырылымдылық жүгін арнайы мониторинг тобы мен "Сарыағаш-адалдық алаңының" өкілдері қарсы алып, қабылдап алды. БАӘ тарапынан індетті тоқтату мақсатында жіберген көмекті діттеген жеріне жетуін қамтамасыз етті. 

Індет тараған кезден бастап Түркістан облысына ҚХР, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан, Грузия және көптеген басқа да елден, ДДСҰ сияқты халықаралық ұйымнан қайырымдылық көмек келген. Коронавирус пандемиясымен күресте қажетті қор жеткілікті. 

Өзгелердің жаңалығы